TURN IT AROUND! https://turnitaroundcards.org / — бұл қазіргі климаттық және экологиялық төтенше жағдайларға қарасты білім беру саласының жауабын қайта қарастыруға бағытталған карталар жиынтығы. Жинақ жастар, мектеп оқушылары және студенттер әзірлеген карталардан тұрады, олар өздерінің алаңдаушылықтарын өнер туындылары мен мәтіндер арқылы жеткізеді. Turn It around карталары климаттың өзгеруіне қарасты оқу бағдарламасының мазмұнының және ұлттық білім беру саясатының приоритеттерінің аясында жастардың алдағы уақытта күтетін үміттерін көрсете отырып, климаттың өзгеруін оқыту және талқылауға арналған ауқымды материалды ұсынады. Орталық Азияға арналған Turn it around климаттық карталар жинағы бұл CAPS Unlock және Орталық Азия климаттық білім беру альянсы (ЦАКО) бірігіп жасаған жоба болып табылады.
Жоба барысында 2024-2025 оқу жылы ішінде Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жастар әзірлеген, климаттың өзгеруі және адам қауіпсіздігі саласындағы білім беруге бағытталған мәдени бірегей және өңірлік ерекшелігі бар карталар жиынтығын дайындалады. Карталар өнер туындылары және мәтін арқылы көрсетілген Орталық Азия жастарының көзқарастары мен идеяларын саясаткерлерді қазіргі құбылмалы кезеңде білім беру мен климаттың өзгеруіне назар аударуға шақыру құралы ретінде бейнелейді. Олар Орталық Азияның төрт елінің әрқайсысында міндетті климаттық білім беру қажеттілігін негіздейтін саяси құжатты әзірлеуге көмектеседі. Орталық Азия климаттық білім беру альянсы (ЦАКО) климаттық төтенше жағдайға қарасты жауап беру мақсатында білім беру жүйелерін түрлендіруді жақтайтындықтан, карталар жиынтығы жастардың мектепте және одан да тыс жерлерде климаттың өзгеруін оқып үйренуде оларды пассивті оқушылар ретінде емес, керісінше белсенді өзгеріс агенттері ретінде қалыптастырып, рөлін күшейтеді.