Жер біз күткеннен тезірек қызып жатыр. Жер бетіндегі орташа температура индустрияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда шамамен 1,1°C-қа өсті және критикалық деңгейге — 1,5°C белгісіне жақындады —деңгей бұдан әрі көтерілсе, адамзат пен планета ең ауыр, созылмалы зардапқа душар болуы мүмкін. Түбегейлі өзгеріс болмаса, жаһандық температура 2030 жылдары 1,5°C-тан асады және ғасырдың соңына қарай 3°C-қа жетуі мүмкін деген болжау бар.1
1,5°C жаһандық жылыну кезінде 350 миллионға жуық қала тұрғындары қатты құрғақшылыққа байланысты су тапшылығына тап болады. Егер температура 2°C-қа дейін көтерілсе, бұл сан 410 миллионға дейін өседі.2
Егер шаралар қабылданбаса, Орталық Азиядағы құрғақшылық пен су тасқыны жыл сайын ЖІӨ-нің 1,3% — на дейін экономикалық шығындарға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, 2050 жылға қарай дақылдардың өнімділігі 30% — ға төмендейді деп күтілуде, бұл шамамен 5,1 миллион ішкі климаттық мигранттарға әкелуі мүмкін.3
Болжамдар аймақтағы орташа температура осы ғасырдың аяғында индустрияға дейінгі деңгейден 6,5°C-қа дейін көтерілуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл жауын-шашын режимінің өзгеруіне, жиі қатты ыстық кезеңдерге және құрғақшылықтың жоғарылауына әкеледі деп күтілуде.4
Орталық Азия үшін IPCC (2021) климаттың әсер ету факторларының (CIDs) бірнеше маңызды өзгерістерін, соның ішінде «жоғары сенімділік» факторларын болжайды. Орташа температураның жоғарылауы және қатты ыстық кезеңдердің жиіленуі, сондай-ақ суық пен аязды кездердің азаюы күтілуде. Сонымен қатар, аяздың азаюын қоспағанда, бұл өзгерістер талданған тарихи кезеңде тіркелген. Әсіресе IPCC (2021) Памир мен Тянь-Шаньның жекелеген аудандарында байқалған қардың, мұздықтардың және мұз қабаттарының жоғалуы сияқты басқа өзгерістерді жоғары сенімділікпен болжағанын есепке алғанда, бұл тенденциялар алаңдаушылық туғызады (Sorg et al. 2012; Barandun et al. 2020). 5