CAPS Unlock – назары Орталық Азияға бағытталған тәуелсіз талдау орталығы. Біз саяси процестерге байланысты тиянақты зерттеулер жүргізіп, аймақтың ең өзекті мәселелері бойынша диалогты тереңдетеміз. Бір елде болып жатқан оқиғалар басқа елдерге де әсер ететіндіктен, біз Орталық Азияның проблемалары мен мүмкіндіктері бір-бірімен тығыз байланысты екенін мойындаймыз. Сондықтан түрлі елдердегі оқиғаларды аймақтың ерекшеліктері арқылы зерттейміз.
2023 жылы негізі Алматыда қаланған ұйымымыздың жұмысы бүкіл аймақты қамтиды. Біздің зерттеуіміз аймақтық ынтымақтастықты, климаттың өзгеруін, сыртқы саясатты, цифрландыруды, жасанды интеллекті басқаруды және білім беру саласыні зерттейді. Талдаумен қатар біз жазғы мектептер, кітап аудармалары, подкастар және форумдар сияқты бастамалар арқылы сарапшылар арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдық пікірталасты жаңғыртамыз.
Біз ортақ проблемаларды шешу және өңірдегі жаңа мүмкіндіктерді табу үшін сараптама қауымдастықтарын тынғылықты зерттеулер мен ынтымақтастық арқылы Орталық Азияда толық ақпаратқа негізделген шешімдерді қабылдауға және диалогтың дамуына ықпал етеміз.
CAPS Unlock-тың күші команданың тәжірибесі мен алуандығында жатыр. Орталық Азияда және одан тыс жерлерде орналасқан зерттеушілеріміз, сарапшыларымыз және коммуникаторларымыздың сыртқы саясат пен климаттан бастап цифрлық басқару мен әлеуметтік-экономикалық саясатқа дейінгі түрлі салада біліктілігі мол. Аймақтың контексі және оның күрделілігінен хабардар бола тұра, біз идея алмасу, байланыс құру және маңызды шешімді әзірлеу үшін бірігеміз.