ҚҰРЫП БАРА ЖАТҚАН МҰЗДЫҚТАР

3 марта, 2026

Ғасырлар бойы өзендер мен көлдерге нәр беріп келген мұздықтарымыз еріп бара жатқанын көріп, жаным ауырады. Қай заманда да еліміздің рәмізі болған тауларымыз қазір көмек сұрап жан дауысы шығып тұрғандай…

Жыл өткен сайын жаз ыстық болып келеді, жауын-шашын азайды, қыста мүлде дерлік қар жаумай қоятын кездер болады. Оның зардабы әсіресе ауылдарды қаттырақ сезіледі: егін бұрынғыдай бітік шықпай, елдің азығы азайып барады. Бар азығын жерден алатын елге бұл ауыр тиері анық.

Кейде осы нәубетті ешкім байқамай отырғандай көрінеді. Жұрт қоқыс шашып, ағаштарды отап, суды ысырап қылып жатыр. Тек соның бәрі біздің үйіміз емес пе! Қырғызстан деген — картадағы бір нүкте ғана емес, бізден кейін қалатын нәрсе ғой.

Фотосурет Александр Бурнашов, 14 жас
Душанбе, Тәжікстан
Мәтін Мастура Абдирайымова, 15 жас
Ош, Қырғызстан
ҚҰРЫП БАРА ЖАТҚАН МҰЗДЫҚТАР