TIA Central Asia – Cards KAZ

БӘРІМІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
18 февраля, 2026
БӘРІМІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
Ең маңызды сабақ: ғаламшарымызды сақтай алмасақ, түгіміз қалмайды. Басқа үйіміз, басқа мүмкіндігіміз жоқ. Мыңдаған жарық жылы арасында бізге құшақ жаяр бір-ақ жер – өзіміздің Жеріміз бар.
Сурет пен мәтін Александр Столяров, 16 жас
Алматы, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу
МҰРА МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
26 февраля, 2026
МҰРА МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Егер біз Жерді болашақ ұрпақтан қарызға алған болсақ, онда оны біз кем дегенде сол күйінде қайтарып беруіміз керек. Мен балаларыма бос планетаны мұра етіп қалдырғым келмейді.
Сурет Дильназ Наурзгалиева, 14 жас
Орал, Қазақстан
Мәтін Баяна Абдумуталибова, 16 жас
Ош, Қырғызстан
Қосымша ақпарат алу
ІЗГІ ІЗДЕРІҢІЗ ҚАЛСЫН
26 февраля, 2026
ІЗГІ ІЗДЕРІҢІЗ ҚАЛСЫН
Біз тұратын Ақмола облысында тамаша бір жер бар – жұрт Қазақстанның інжу-маржаны атап кеткен Бурабай. Мен онда отбасыммен бірге барып, төбесі көк тіреген қарағайларды аралай серуендеп, құстардың сайраған үнін тыңдап, көлдің мөлдір суына жарқырай түскен құз-жартастардың бейнесіне сүйсіне қарағанды ұнатамын.  Тек… туристердің артынан қалған тау-тау қоқысты көргенде, көңілім жабырқайды. Пластик бөтелкелер, пакеттер мен өзге де […]
Сурет пен мәтін Милана Имандинова, 11 жас
Көкшетау, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу
ТАБИҒАТТЫҢ НӘЗІК ҮЙЛЕСІМІ
26 февраля, 2026
ТАБИҒАТТЫҢ НӘЗІК ҮЙЛЕСІМІ
Әр түр — дүние жаратылысының «кірпіштері», ал Тіршіліктің бір бөлшегі жоғалса, тіршіліктің іргесі шайқалады. Экожүйелерді қалпына келтіріп, эндемик түрлерді сақтап-қорғауға мән беру керек.
Сурет Аяулым Каратаева, 16 жас
Қостанай, Қазақстан
Мәтін Ольга Домашова, 21 жас
Бішкек, Қырғызстан
Қосымша ақпарат алу
ҚАРА ҚАРҒА КӨЗ ҮЙРЕНІП БАРАДЫ
26 февраля, 2026
ҚАРА ҚАРҒА КӨЗ ҮЙРЕНІП БАРАДЫ
Қара қар фантистика болудан қалды. Енді ол – біздің күнде көріп жүрген шындығымыз. Табиғаттың тосын мінезі емес, көмек сұрап шырылдаған жанайқайы. Бұл қылмысты адамдар жасап отыр. Қара қар – сіз бен біздің тыныс алып жүрген ауамыз. Тек бұл – бізге кесілген жаза да емес, біз еңсеруге тиіс сынақ.
Фотосурет Алина Кочетова, 17 жас
Теміртау, Қазақстан
Мәтін Әдемі Турсингалиева, 17 жас
Алматы, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу
ЖАҢАРТЫП-ЖАНДАНДЫРУ МА, ҚҰРТУ МА?
26 февраля, 2026
ЖАҢАРТЫП-ЖАНДАНДЫРУ МА, ҚҰРТУ МА?
Кешегі жайқалып тұрған ағаштан бүгін тұқылы ғана қалған!  Неге?  Бұл санитарияға керек, ағаштарды жаңартып, жасартуға керек дейді… Ағаштар бұтақ жайып кетсе, көлік қозғалысы мен коммуникация жұмысына кедергі дейді…  Енді олардың арбиған тұқыл бағандары ғана қалған…
Сурет пен мәтін Данель Дуйсекова, 19 жас
Астана, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу
ҚАЛАҒА ЖАСЫЛ БАҒДАР КЕРЕК
26 февраля, 2026
ҚАЛАҒА ЖАСЫЛ БАҒДАР КЕРЕК
Әркім-ақ үлес қоса алар еді: қоғамдық көлікке, велосипедке мініп, тіпті жаяу жүруге болады. Қала әкімшілігі балама қуат көздерін дамытып, жасыл желекті көбейтуге тиіс. Таза ауа – артық қалау емес, базалық қажет нәрсе.
Сурет Акан Жетписпаев, 16 жас
Алматы, Қазақстан
Мәтін Томирис Абдулла, 17 жас
Алматы, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу
ТАБИҒАТҚА ҚАРСЫ ЕМЕС, ЖАҚ БОЛАЙЫҚ
26 февраля, 2026
ТАБИҒАТҚА ҚАРСЫ ЕМЕС, ЖАҚ БОЛАЙЫҚ
Табиғатпен үндесе өмір сүруді үйренсек, өзіміздің де, келер ұрпақтардың да келешегі жарқын болар еді.
Сурет Аяужан Таптым, 14 жас
Ақтау, Қазақстан
Мәтін Інжу Меңдіқұл, 16 жас
Ақтөбе, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу
ҮМІТ: СУ, ЖЕЛ, КҮН
26 февраля, 2026
ҮМІТ: СУ, ЖЕЛ, КҮН
Технологиялар бүлдірмей, керісінше, көмектесе алады: бұрын Қазақстанда суы мөлдір өзендер мен желегі жасыл ормандар көбірек, ауа тазазарақ болатын. Енді табиғат өзгеріп келеді: су азайып, ауа ластанып, ормандар оталып жатыр. Енді бірдеңені өзгертуге кеш қалдық деседі. Жоқ, олай емес. Келешек бізге қарап тұр. Суды ысырап қылмай жұмсап, жел мен күннің қуатына жүгінсек, бәрін түзеуге болады.
Сурет Шайзада Бейсембекова, 10 жас
Алматы, Қазақстан
Мәтін Абай Тәжі, 17 жас
Алматы, Қазақстан
Қосымша ақпарат алу