Біз тұратын Ақмола облысында тамаша бір жер бар – жұрт Қазақстанның інжу-маржаны атап кеткен Бурабай. Мен онда отбасыммен бірге барып, төбесі көк тіреген қарағайларды аралай серуендеп, құстардың сайраған үнін тыңдап, көлдің мөлдір суына жарқырай түскен құз-жартастардың бейнесіне сүйсіне қарағанды ұнатамын.
Тек… туристердің артынан қалған тау-тау қоқысты көргенде, көңілім жабырқайды. Пластик бөтелкелер, пакеттер мен өзге де қалдықтар суға түсіп кетеді де, табиғатымызға, Жұмбақтасқа, сол жақты мекендейтін аңдарға зиян келтіреді. Балықтар мен құстар зиян көреді, көлдің суы лайланады.
Адамдар өзіміз тұратын өлкеге қамқор болса, артынан қоқыс емес, ізгі естеліктер ғана қалдырса деймін. Табиғатты бірге аялайық, көп жылдан кейін де Бурабай таза, мөлдір, ғажап көл болып қала берсінші!