Қара қар фантистика болудан қалды. Енді ол – біздің күнде көріп жүрген шындығымыз. Табиғаттың тосын мінезі емес, көмек сұрап шырылдаған жанайқайы. Бұл қылмысты адамдар жасап отыр. Қара қар – сіз бен біздің тыныс алып жүрген ауамыз. Тек бұл – бізге кесілген жаза да емес, біз еңсеруге тиіс сынақ.