Bourse & Bazaar қоры мен CAPS Unlock сізді Алматы қаласында өтетін Rihla Initiative for Green Economic Growth бастамасының панель талқылауына шақырады. Іс-шарада Парсы шығанағы елдерінің Орталық Азия мен Кавказдағы жасыл экономикадағы инвестициясының негізгі үрдістерін талқылаймыз.
🗓 8 қазан, 14:30 – 16:00
Өтетін орын туралы ақпарат бар растау хатын сіз 6 қазан, дүйсенбі күні аласыз.
14:30 – 14:40 | Ашылу
Айда Айдарқұлова, атқарушы директор, CAPS Unlock
Мехран Хагириан, зерттеу және бағдарламалар директоры, Bourse & Bazaar Foundation
14:40 – 15:40 | Панельдік талқылау
Қатысушылар:
Шахло Камалдинова, Орталық Азия және Кавказ бойынша аймақтық үйлестіруші, Rihla Initiative for Green Economic Growth
Аружан Мейірханова, Орталық Азия және Кавказ бойынша саяси кеңес мүшесі, Rihla Initiative for Green Economic Growth
Мохаммед Аль Брейки, Парсы шығанағы комитетінің мүшесі, Rihla Initiative for Green Economic Growth (Катар, онлайн)
Юнис Шарифли, Орталық Азия және Кавказ бойынша саяси кеңес мүшесі, Rihla Initiative for Green Economic Growth (Түркия, онлайн)
Зухра Халимова, аға кеңесші, CAPS Unlock (Тәжікстан, онлайн)
Модератор:
Мехран Хагириан, зерттеу және бағдарламалар директоры, Bourse & Bazaar Foundation
15:40 – 16:00 | Сұрақ-жауап сессиясы, қорытынды сөз
Орталық Азия мен Кавказ өңірінің жаһандық жасыл экономикаға көшу саласында барған сайын маңызы артып жатыр. Жаңартылатын энергия көздері мен маңызды минералдарға бай бола отырып, сондай-ақ Парсы шығанағы, Қытай және Еуропа арасындағы стратегиялық жерде орналасқан аймақ таза энергия, су қауіпсіздігі, тұрақты инфрақұрылым және жасыл экономикалық индустрияландыру салаларында өңірлер арасындағы ынтымақтастық үшін зор мүмкіндіктер ашады. Панель барысында осы байланыстарды қалай нығайтуға және инвестициялардың ұзақ мерзімді және бәріне ортақ болуын қалай қамтамасыз етуге болатыны талқыланады.
Rihla Initiative for Green Economic Growth бастамасын Bourse & Bazaar қоры 2025 жылдың көктемінде іске қосқан. Оның мақсаты – Парсы шығанағы елдері мен “Жаһандық Оңтүстіктің” саяси, іскерлік және техникалық көшбасшылары арасындағы жасыл экономикаға көшу және тұрақты экономикалық дамуына үлес қосу.
Бастама Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің әріптестік кеңесіне мүше елдерді жасыл индустриялық саясат саласындағы көшбасшылар ретінде орнықтыруды көздейді және инвестициялар арқылы төрт өңірде жасыл экономикалық өсімді ынталандыруды мақсат етеді. Оларға Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Орталық Азия және Кавказ, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия және Сахараның оңтүстігіндегі Африка аймағындағы елдер жатады..Іс-шара ағылшын тілінде өтеді.
Орын саны шектеулі. Тіркеліп, орын алып қойыңыз: