CAPS Unlock сіздерді Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жасыл экономикаға қатысу мүмкіндіктері туралы зерттеу нәтижелерінің таныстырылымына қуана шақырады. Іс-шара барысында біз мемлекеттік басқару саласына қатысты қолданбалы қорытындылармен бөлісеміз, соның ішінде бизнестің хабардар болу деңгейі, жасыл шешімдерге инвестиция салуға дайындық, негізгі кедергілер мен ынталандырушы факторлар, сондай-ақ сұранысқа ие қолдау шаралары қарастырылады.
Зерттеу Канаданың Елшілігінің қолдауымен, Канаданың жергілікті бастамалар қоры (CFLI) бағдарламасы аясында жүргізілді.
Іс-шара тілі: орыс тілі, қазақ және ағылшын тілдерінде талқылау мүмкіндігі бар.