Адамдар өркөкірек, өзімшіл келеді. Кейде тіпті өз игілігі үшін істейтін нәрседен басын ала қашады. Әлбетте, адамның санасы табиғаттағы өзге аң не ағзаның зердесінен сан есе артық. Алайда аң болсын, адам болсын, әр нәрсенің орны мен жөнін білсе дейсің. Аң-құс пен ағаш-шөп болмаса, адамның тіршілігі болар ма еді? Адам өмірі мен табиғат бір-біріне мәңгі байлаулы. Кейде адамдардың емес, аңдардың жаны жомарт-ау деп ойлаймын. Аңдар аярлық қылмайды.