ТОПЫРАҚ ШАҢҒА АЙНАЛҒАНДА

2 марта, 2026

Қуаңшылық, қуарып қалған жерлер, жарылып кеткен топырақ, қурап қалған ағаштар — табиғаттың үрейлі дабылы. Аспанды қара түтін бүркеді, зауыт мұржаларынан шығып жатқан тығыз газдар күннің нұрын тұтып жатыр. Төңірегімізде тіршілік белгісі азайып барады: жасыл алқаптар тарылып, өзен-көлдер тартылып қалды. Қоқыс үйілген ен далада ызғарлы жел ғана аңырайды. Бір кездері майы шығып жатқан құнарлы топырақ шаңға айналып ұшып, қылтанақ шықпайтын шөл болып қалды. Жердің бетін қоқыс басты. Пластик, металл сынықтары — осының бәрі адамдардың табиғатқа немқұрай қарайтынының куәсі.

Сурет Абубакир Эргашев, 18 жас
Ош, Қырғызстан
Мәтін Жасмин Есенғали, 13 жас
Алматы, Қазақстан
ТОПЫРАҚ ШАҢҒА АЙНАЛҒАНДА