КЛИМАТ ТУРАЛЫ ФАКТІЛЕР

5 марта, 2026

Жаһандық жылыну болжамдар көрсеткен темптен тезірек өсіп жатыр. Париж келісімі (2015) температураның өсуін 2 °C-тан төмен ұстап, 1,5 °C-қа дейін шектеуді мақсат етті. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топ (IPCC, 2018) температураның осы шектен асуы климаттың қайтымсыз өзгеру қаупін арттыратынын ескертеді. Климатты тұрақтандыру үшін шығарындыларды 2030 жылға қарай жарты мөлшерге азайтып, 21-ғасырдың ортасына қарай нөлдік тепе-теңдікке қол жеткізу керек. Алайда, қазірдің өзінде 2024-2025 жылдарға қарай жаһандық температура индустрияға дейінгі деңгейге қатысты 1,5 °C-тан асты, бұл жеделдетілген әрекеттерді қажет етеді. Мемлекеттер тарапынан шұғыл түрде шаралар қабылдану қажет.

Су тапшылығы күшейе түседі. 1,5 °C температурада шамамен 350 млн қала тұрғындары
құрғақшылыққа байланысты су тапшылығына тап болады, 2 °C температурада — бұл көрсеткіш 410 млн халыққа дейін барады. Су қауіпсіздігіне инвестиция жасау басымдыққа ие бола түспек. Дағдарыстың алдын алу үшін су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы инвестицияларға басымдық беру керек.

Сурет Акылай Табылдиева, 12 жас
Балықшы, Қырғызстан
КЛИМАТ ТУРАЛЫ ФАКТІЛЕР