Бүгінгідей есімде. Екі жыл бұрын, әжеммен дастархан басында өмір жайында сөйлесіп отырғанда, ол: «Ажалдың ғана қайтымы жоқ…» деген. Өмірдің қуаты мен оның шексіз мүмкіндігін қалай дәл суреттеп берді деп ойлағаным есімде.
Әжемнің осы сөзі санама жазылып қалғандай, әлі күнге дейін қиналған сәттерімде соны есіме аламын. Сол сөздер маған тірі кезімде ештеңеден қорықпауым керегін айтып тұрады. Қателесу, уайымдау, сүріну – бәрі уақытша. Тыныс алып жүргенімізде екінші шансымыз, бәрін қайта ой елегінен өткізіп, мәнін ұғып, өзгерте алатындай мүмкіндігіміз болуға тиіс.
Ата-бабамыз соны бізден жақсы білген. Олардың өмірі оңай болған жоқ, сонда да олар сене алды, жығылып қайта тұра алды, бәрін басынан бастай алды.
Келер ұрпаққа да бәр нәрсені жеткізгім келеді: қаймықпай алға қадам басыңдар. Сендер тірі тұрғанда, бәрін де өзгерте аласыңдар. Өмірдің ғана құнына жете алмайсың.