Көктемде біз гүлдерге, таудан аққан өзенге, көркі көз байлар әдемі көрініске сүйсіне, тамсана қараймыз. Үнемі солай болса екен дейміз! Ата-анамыз бізді аялап мәпелегеніндей, біз де көзімізді де, көңілімізді де қуантып, біздің балаларымызды да қуанта бермек Табиғатты солай аялауға тиіспіз.