САҚТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

2 марта, 2026

Бір ғаламшарға тап болыппын. Ауасы ауыр екен. Айнала сұп-сұр, алыстан қарасаң, тіпті де оңып кеткен сияқты. Осы ғаламшарда сенделіп жүріп, өзімнің жасыл ғаламшарымды сағынып кеттім. Тозығы жеткен топырақты басып жүріп, бір кездері қуана серуен құрған жерлерді, көзімді қуантқан ормандар мен алқаптарды көре алмай қиналдым. Бәленің басы – дер кезінде жиналмай қалған жанармай бөшкесі… Мынаның бәрін сақтап қалуға болар еді ғой, ызадан тамағыма өксік тығылды. Бәріміз таза ғаламшарда тұра алар едік қой, тек әрқайсымыз оны өзіне қатысы жоқ нәрсе дедік. Біртіндеп ашуымды басып келе жатып… Оянып кеттім. Ояна сала ұққаным – әлі де бәрін сақтап қалуға болады.

Сурет Кабилжан Барзуев, 14 жас
Нүкіс, Қарақалпақстан/Өзбекстан
Мәтін Сати Садыкова, 15 жас
Астана, Қазақстан
САҚТАП ҚАЛУҒА БОЛАДЫ