Білім беруді Орталық Азиядағы Климатқа қатысты әрекеттерге айналдырамыз

5 марта, 2026

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің қызметі “Білім беру – білім жеткізу ғана емес, сонымен қатар нақты өзгерістер әкелетін құрал” деген сенімге сүйенеді. Климат өзгеруі бойынша білім беру оқушылардың климат дағдарысының мәнін түсінуге және сыни тұрғыдан ойлау, құндылық пен көзқарас қалыптастыру арқылы оларға жауап қатуды үйренуіне сеп болады.

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі CAPS Unlock (Алматы) және McGill университетімен (Канада) бірлесіп дайындаған «Орталық Азия елдеріндегі климат жайында білім беру статусы» бағдарламалық құжатында шұғыл әрекет етуге үндеу бар: өсіп келе жатқан климат қатерлеріне қарамастан, Орталық Азия елдеріндегі Климат өзгеруі бойынша білім беруге әлі де ұлттық стратегиялар, бюджеттер мен мектеп бағдарламаларында жеткілікті басымдық берілмей келеді. Төтенше күн райы құбылыстары, су тапшылығы және аймаққа әсер ететін мұздықтардың еруі жағдайында климат жайында білім беру өзекті тақырып қана емес, өмірлік маңызы бар бірден-бір қажеттілік болып отыр.

Білім беруді экологияландыру бойынша серіктестік сияқты бастамалардың арқасында ЮНЕСКО үкіметтермен, жастармен, педагогтермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мектептерді экологияға зиянсыз ету, климат жайында білім беруді оқу бағдарламаларына кіргізу және мұғалімдердің әлеуетін дамыту жолында жұмыс істеп келеді. ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесі бұл көзқарасты Орталық Азияның келешегі орнықты болсын деп ынтымақтастықты нығайту, саясатты қайта құру процесін қолдау және жастардың дауысын күшейту арқылы іске асырып жатыр.

Сурет Темирлан Тайбасар, 20 жас
Көкшетау, Қазақстан
Білім беруді Орталық Азиядағы Климатқа қатысты әрекеттерге айналдырамыз