Жастар климатты таңдайды

5 марта, 2026

CAPS Unlock (Central Asian Policy Studies) — аймақтағы өзекті мәселелер, соның ішінде климат өзгерісі мен оның салдары Орталық Азия елдерінің дамуына қалай әсер ететіні жөнінде қолданбалы зерттеулер жүргізетін, Алматыда орналасқан Орталық Азия аналитика орталығы.

Turn it Around: Орталық Азия Климат карталар жинағы – аймақ жастарының дауысы. Олардың салған суреттері мен жазған мәтіндері бізге ащы шындықты жеткізеді: климат өзгеруі және экология дағдарысы суға, энергияға, азық-түлікке, биоәралуандыққа және, сайып келгенде, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндіреді. Бұл үндеулердің шегі жоқ және оларды іске асыру үшін бірлескен күш пен жүйелі өзгерістер қажет.

Білім – осы мәселелерді шешудің ажырамас бір бөлігі. CAPS Unlock экожүйелерді қалпына келтіру, қоршаған ортаны қорғау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін орнықты қоғам құрамыз десек, жаңа ұрпақтың қолына білім, қажет машықтар ұстатып, мотивация дарыту үшін климат және экология туралы білім беруді міндетті ету керек деп үндеу тастап отыр.

Орталық Азия жастарының жолдауы өте айқын: не күш-жігер біріктіріп, жер бетіндегі өмірді өркендетеміз, не бәріміздің ақырымыз жаман болады. Әрекет ететін уақыт – дәл қазір.

Сурет Маржан Алибекова , 15 жас
Семей, Қазақстан
Жастар климатты таңдайды