Джули Энн Ригли атындағы жаһандық келешек лабораториясы

5 марта, 2026

2004 жылдан бері Аризона штаты университеті орнықты даму садасындағы әлемдік көшбасшы болып келеді. Университетте Джули Энн Ригли атындағы жаһандық келешек лабораториясы құрылғаны үздіксіз дамуымыздың келесі қадамы болды және бұл Жер беті тұрғындарының бәрі өркендей алатын келешекті құруға маңызды үлес қоса аламыз әрі қосуымыз керек деген сенімімізді көрсетеді.
Жаһандық келешек лабораториясы – Жер бетіндегі Келешек университетінің прототипі. Ол қоршаған орта деградациясына байланысты қазіргі және болашақ қауіптерден шығатын күрделі әлеуметтік, экономикалық және ғылыми сын-қатерлерге жауап қата алатын платформа құрып отыр.
Келешегіміз өркендесін десек, біз планетамен қарым-қатынасымызды қайта түйсінуіміз керек. Ол үшін келешекті көздейтін, бәріміздің басымызды қосатын ортақ мақсатқа — орнықты әрі ұзақмерзімді шешімдер жасауға ұмтылайық.

Сурет Саида Абдикаримова, 17 жас
Көкшетау, Қазақстан
Джули Энн Ригли атындағы жаһандық келешек лабораториясы