КЕҢ ДАЛА ТЫНЫС ТАРТҚАНДА

27 февраля, 2026

Күн артынан күн өтіп, жылдар жылжып,
Өмірім де барады құмдай сусып.
Қырға шығып тоспаймын күн шуағын,
Құйылмайды бойыма күш бұлықсып.

Жағада жайқалмайды гүл мен беде,
Қалған ба құм астында боз бетеге?
Кей-кейде көк шалғынның бір жұрнағы
Қамыс басы тіл қатар көлеңкеде.

Қаңырап бос қалған ба Бетпақдала,
Жосымай қарақұйрық, киік енді.
Суыр да ұясынан бас қылтитып,
Артынан қарап тұрмас көліктердің.

Толқыны Арал, Каспий теңіздердің,
Мұң шағар сыбырласып айлы түнге.
Байкалдың сыны жетпес алапат күш,
Сарқылып бара жатыр күннен күнге.

Ұмытқандай адамдар баяғыда,
Қазақстан Ана еді ен далада.
Адамдар да тумаған тас бетонда,
Жанымен кең бағындырған сол даланы.

Сурет Әсел Кәрім, 16 жас
Шымкент, Қазақстан
Мәтін Алдияр Рамазанов, 20 жас
Астана, Қазақстан
КЕҢ ДАЛА ТЫНЫС ТАРТҚАНДА