
2023 жылғы 22 тамызда Алматыда Фрэнсис Фукуяманың «Либерализм және оған айтылған сын» атты кітабының қазақ және орыс тіліндегі басылымының тұсаукесері өтті. Фрэнсис Фукуяма – саяси теорияның белгілі маманы және Стэнфорд университетінің профессоры. 2022 жылдғы мамырда ағылшын тілінде жарық көрген бұл кітап енді Қазақстандағы кең аудиторияға қолжетімді болды.
«Осындай деңгейдегі еңбекті, әсіресе мемлекеттік тілде басып шығару – Қазақстандағы ғылыми ортаның дамуына және қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Фукуяма идеялары саясаткерлерге қазіргі заманның күрделі жағдайында жол табуға, либерал құндылықтар мен адам құқықтарына адал болуға көмектеседі деп сенеміз».
Аида Айдарқұлова, CAPS Unlock атқарушы директоры

Кітаптың таралымы шектеулі: қазақ тілінде 500 дана, орыс тілінде 1000 дана шықты. Фукуяма бұл еңбегінде қазіргі әлемдегі либерализмнің алдында тұрған сын-қатерді талдап, саяси спектрдің екі шеті де либерализм қағидаларын қатты бұрмалап жібергенін айтты. Неолибералдар экономикалық еркіндікті бәрінен жоғары қойса, прогрессившілдер саяси көзқарасының негізі етіп кімдігін шығарып отыр. Ол мұндай поляризация демократияға қауіп төндіретініне сенімді. Бұны шешудің жолы ретінде ол либерализмнің классик қағидаттарына қайта оралуға шақырады.

«Классик либерализм дағдарысқа ұшырады. Оны “неолиберализм” және “прогрессивизм” деген ұрандарды жамылып алған либерала емес қозғалыстар бұрмалап, иемденіп кетті. Бұл демократияға, құқық үстемдігіне және жеке автономияға қауіп төндіреді. Путиннің Ресейі либерал емес жүйенің халықаралық тұрақтылықты қалай бұзатынына дәлел болды. Қазақ және орыс басылымдары жаңа аудиторияны бұл идеялармен таныстырады деп үміттенемін».
Фрэнсис Фукуяма
Саяси жүйелер мен басқару модельдері өзгеріске ұшып жатқан Орталық Азияға Фукуяманың «Либерализм және оған айтылған сын» еңбегі либерал демократияның күрделілігіне терең талдау ұсынады. Кітап кең тараған қате түсініктерді жоққа шығарып, либерал демократияның алдында тұрған қиындықтарын қарастырады. Қазақ және орыс тілдеріне аудару аймақтағы саяси жүйелер мен басқару туралы саналы пікірталастың дамуына елеулі үлес қосады.
CAPS Unlock-тың тең негізін қалаушысы және Гарвард университетінің Дэвис орталығы жанындағы Орталық Азия бағдарламасының директоры Наргис Қасенова аймақтың либерал демократияда тәжірибесі жоқ екенін, ал «либерализм» ұғымының өзі көбіне батысқа қарсы насихат әсерінен теріс қабылданатынын атап өтті. Фукуяма кітабы бұл мәселелерге терең әрі түсінікті талдау беріп, оқырмандарға либерализмнің шынайы мәнін жақсырақ түсінуге көмектеседі.
Фукуяма көтерген тақырыптардың Қазақстан үшін өзектілігін ескере отырып, Steppe & World Publishing баспасы кітапты аймақты ықпалды саяси еңбектермен таныстыру бағытындағы тұрақты жұмысы аясында аударды. Баспаның директоры Раиса Қадырдың айтуынша, бұл – компания аударған Фукуяманың екінші кітабы. Олар мұндай пікірталастар неғұрлым саналы және демократ қоғам қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеді.
Аударма жобасын CAPS Unlock Open Society Foundations-тың қаржылай қолдауымен және Steppe & World Publishing серіктестігімен жүзеге асырды.
«Либерализм және оған айтылған ын» кітабының қазақ және орыс басылымдарын Алматыдағы Meloman дүкендерінен, сондай-ақ Steppe & World Publishing арқылы халықаралық тапсырысты жасауға болады.