Вакансия: Білім беру саласындағы ғылыми қызметкер

Вакансия: Білім беру саласындағы ғылыми қызметкер

Лауазымы: Ғылыми қызметкер (Білім беру саясаты)

Ұйым: CAPS Unlock қайырымдылық қоры

Орналасқан жері: Алматы, Қазақстан

Келісімшарт түрі: мерзімді келісімшарт

Жұмыс форматы: толық немесе жарты жұмыс күні (келісім бойынша)

Өтінім беру мерзімі: қызметкер табылғанға дейін 

Лауазымға шолу

Орталық Азиядағы CAPS Unlock зерттеу орталығы junior–mid career деңгейіндегі Білім беру саясатындағы ғылыми қызметкер (Research Fellow) лауазымына конкурс жариялайды. Бұл қызметкер білім беру саясаты саласындағы қолданбалы зерттеулерге қатысуға, реформаларды талдауға  және Қазақстан мен Орталық Азиядағы мемлекеттік басқаруға бағытталған ұсыныс әзірлеуге жауапты болады.

Research Fellow сараптама материалдарын дайындауға, зерттеу және донор жобаларын іске асыруға, негізгі стейкхолдерлермен бірлесіп жұмыс істеуге және CAPS Unlock ұйымының білім беру саясаты саласындағы зерттеу бағытын дамытуға қатысады.

Негізгі міндеттері

Зерттеулер және аналитика

  • Білім беру саясаты саласында сапалық және сандық зерттеу жүргізу
  • Зерттеу дизайндарын, әдіснама және деректі жинау құралдарын құрастыруға қатысу
  • Ұлттық және өңірдің білім беру саясатын, стратегиясы және реформаларын талдау
  • Аналитикалық есептер, policy brief-тер, аналитикалық жазбалар және презентация материалдарын  дайындау
  • Рецензиялау және зерттеу сапасын қамтамасыз етудің ұйым ішіндегі процестеріне қатысу

Жобалық қызмет

  • Білім беру саласындағы зерттеу және аналитикалық жобаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу
  • Жобаларды жоспарлауға, уақытылы орындауға және есеп беруде қолдау көрсету
  • Жобалардың зерттеу, коммуникация және басқару логикасын үйлестіру үшін CAPS Unlock командасымен бірлесіп жұмыс істеу
  • сараптама кездесулерін, дөңгелек үстелдер, семинарлар және ашық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу

Сыртқы байланыс

  • Мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамның өкілдерімен коммуникация жүргізу
  • Өңірлік және халықаралық іс-шараларда зерттеу нәтижелерін таныстыру
  • Білім беру саясаты саласында CAPS Unlock-тың кәсіби серіктестіктерін дамытуға қатысу

Үміткерге қойылатын талаптар

  • Білім беру, мемлекеттік саясат, әлеуметтану, экономика немесе сабақтас салалар бойынша магистр немесе PhD дәрежесі
  • Білім беру саясаты саласында зерттеу және/немесе сараптамадағы жұмыс тәжірибесі (Орталық Азияға басымдық беріледі)
  • Сапалық және сандық деректерді талдау дағдылары
  • Құрылымы анық сараптама  мен мемлекеттік басқаруға бағытталған материалдар дайындау қабілеті
  • Білім беру саясатын қалыптастыру және іске асыру үдерістерін түсіну
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жұмыс істей алатын деңгейде меңгеру
  • Өз бетінше және командада тиімді жұмыс істей білу
  • Құпиялылық қағидаттарын және кәсіби зерттеу этикасын сақтау

Қалаулы талаптар

  • Донорлық қаржыландыруы бар зерттеу немесе сараптама жобаларына қатысу тәжірибесі
  • Мемлекеттік органдармен немесе халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу тәжірибесі
  • Жарияланымдар, есептер немесе сараптамалық пікірлер дайындауға қатысу
  • Орталық Азия елдерінің өзге де тілдерінің бірін меңгеру

Біз не ұсынамыз

  • Өңірлік және халықаралық деңгейдегі маңызды зерттеу жобаларына қатысу
  • Кәсіби даму, жарияланымдар және сараптама талқыларына қатысу мүмкіндігі
  • Үміткердің біліктілігі мен тәжірибесіне сәйкес бәсекеге қабілетті еңбекақы

Қалай өтініш беруге болады

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды жіберу қажет:

  • түйіндеме (CV);
  • мотивациянызды сиапттайтын қысқаша хат;
  • сараптама немесе зерттеу жұмысының үлгісі (қалауыңыз бойынша)

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда, мына e-mail мекенжайына хабарласыңыз: hr@capsunlock.org

Алдыңғы
Вакансия: Қытайтану саласындағы ғылыми қызметкер (Research Fellow)