Вакансия: Қытайтану саласындағы ғылыми қызметкер (Research Fellow)
Вакансия: Қытайтану саласындағы ғылыми қызметкер (Research Fellow)
20 января, 2026
5 минут оқу
Лауазымы: Ғылыми қызметкер (Қытайтану)
Жұмыс орны: Алматы, Қазақстан
Келісімшарт түрі: 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімді келісімшарт
Жұмыс форматы: толық немесе жарты жұмыс күні (келісім бойынша)
Өтінім беру мерзімі: қызметкер табылғанға дейін
Лауазымға шолу
CAPS Unlock ұйымның Қытайтану бағыты бойынша зерттеу және талдау қызметін қолдау әрі кеңейту мақсатында junior–mid career деңгейіндегі Қытайтану бойынша ғылыми қызметкер (Research Fellow) лауазымына конкурс жариялайды. Біз академиялық тұрғыда мықты, зерттеу дағдылары дәлелденген және қытай тілін кәсіби деңгейде меңгерген үміткерді іздейміз.
Ғылыми қызметкер қолданбалы талдама зерттеулерін дайындауға, донорлық жобаларды іске асыруға, фандрайзингке және жоба өтінімдерін әзірлеуге, сондай-ақ CAPS Unlock ұйымының Қытай бойынша зерттеу бағытын стратегиялық тұрғыда дамытуға қатысады. Негізгі назар Қытайдың Орталық Азиядағы және еуразиялық кеңістіктегі рөлінде болмақ.
Негізгі міндеттер
Зерттеу және аналитика
Қытайдың ішкі және сыртқы саясаты, экономикасы және өңірдегі іс-қимылы бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу
Қытай тіліндегі дереккөздерді талдау (ресми құжаттар, саяси мәлімдемелер, медиадағы материалдар, сараптама)
Сапалы талдама өнімдерін дайындау: policy brief, талдама жазбалары, анықтама материалдары және есептер
Салыстырмалы және өңіраралық зерттеу бастамаларына қатысу
Қытайға қатысты негізгі саяси, экономикалық және стратегиялық үдерістерді бақылау, соның ішінде Орталық Азияның медиакеңістігін талдау
Рецензиялау және зерттеу сапасын қамтамасыз етудің ұйым ішіндегі процестеріне қатысу
Жобаларды әзірлеу және іске асыру
Қытайтану бойынша зерттеу және сараптама жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Жобаларды жоспарлауды, жұмыстың уақытылы орындалуын және есеп дайындауда қолдау көрсету
Зерттеу, коммуникация және басқару процестерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін ішкі командамен үйлестіру
Қытайлық қатысушылармен байланыс орнатуды қоса алғанда, сараптама кездесулерін, дөңгелек үстелдер, семинарлар және ашық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу
Фандрайзинг және өтінімдер дайындау
Қытай бойынша зерттеулер мен бағдарламаларға арналған қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеу және талдау
Концептуал жазбалар, грант өтінімдері және жобалық бюджеттерді дайындауға қатысу
Донорлық есеп үшін талдама және зерттеу материалдарын әзірлеу
Сыртқы және кәсіби байланыстар
Қытайды зерттейтін ғалымдармен, сарапшылармен және сараптама орталықтармен кәсіби байланысты қалыптастыру және қолдау
Қажет болған жағдайда CAPS Unlock ұйымын конференцияларда, сараптама талқыларында және талдама брифингтерінде таныстыру
Сараптама орталықтарымен, университеттермен және зерттеу платформаларымен серіктестікті дамытуға жәрдемдесу
Институционал және стратегиялық даму
CAPS Unlock ұйымының Қытай бойынша зерттеу жұмысын қалыптастыруға және дамытуға қатысу
Болашақтағы зерттеулер мен бағдарламалар үшін жаңа тақырыптар мен мәселелерді айқындау
Білім алмасу және менторлық бойынша ішкі процестерді қолдау (қажет болған жағдайда)
Міндетті талаптар
Саясаттану, халықаралық қатынастар, қытайтану, экономика немесе сабақтас салалар бойынша магистр немесе PhD дәрежесі
Қытай тілін кәсіби деңгейде меңгеру (қытай тіліндегі дереккөздермен жұмыс істей алу міндетті)
Зерттеу, сараптама орталықтарында, академиялық ортада, policy саласына бағытталған ұйымдарда немесе медиада 1–4 жылдық лауазымға сәйкес келетін жұмыс тәжірибесі
Ағылшын тілінде сараптама жасай алу және кәсіби тілде жазу
Жоба форматында жұмыс істей алу және жұмыста уақытылы істеу алу
Қытайдың өңір және жаһан саясатыдағы рөліне қызығушылық таныту
Коммуникация құралдармен (e-mail хабарлама, әлеуметтік желілер) базалық деңгейде жұмыс істей білу
Құпиялылық қағидаттарын түсіну және қауіпсіз коммуникация арнасымен жұмыс істеу тәжірибесі
Қалаулы талаптар
Қытай – Орталық Азия қатынастары немесе Қытайдың өңірлік саясаты бойынша зерттеу фокусы
Қытайда немесе синофондық ортада тұру, оқу немесе кәсіби қызмет тәжірибесі
Зерттеу немесе саясатқа бағытталған донорлық жобаларға қатысу тәжірибесі
Академиялық немесе сараптамалық-саяси іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесі
Өңірдің басқа да тілдерін білу артықшылық болып саналады
Қытай дереккөздерін (медиа, әлеуметтік желілер, академиялық жарияланымдар) білу