Photo by Albert Otkjaer
Кеңес Одағының ыдырағанына 30 жыл толғанына қарамастан, Орталық Азия әлем алдында өзін қалай көрсету қажет екенін әлі де айқындай алмады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жаңа жылдары кеңестік кезеңді мемлекеттің бастауы емес, ұзақ тарихтың бір тарауы ретінде көрсететін нарративті қажет етті. Назар Ресейге дейінгі замандағы мемлекеттілікке, Қазақстанның Алтын Ордасына, Өзбекстанның Темір әулеті империясына және далада тараған көшпелі дәстүрлерге ауды. Бұл тарих негізінен ішкі аудиторияға бағытталып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға қызмет етті. Алайда 2010-жылдары осы бірегейлікті ұлттық шекарадан тыс қалай жеткіземіз деген мәселе туды. Осы оймен Қырғызстан спортқа жүгінді. Сөйтіп Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары дүниеге келді.
2014 жылы басталған алты күндік шара — көшпелі халықтардың дәстүрлі спорт түрлеріне арналған жалғыз көпсайысты жарыс.
Екі жыл сайын өтетін ойындардың мақсаты — дала мәдениетін сақтау және насихаттау.
Қлттық күрес, асық ату, құсбегілік, садақ ату және ат жарысы сияқты сайыстардың көбі бір кездері далада өмір сүру үшін қажет болған дағдылардан бастау алды.
Егер Олимпиада ең қызық жарыс 100 метрге жүгіру болса, Көшпенділер ойындарындағы ең тартысты спорт — көкпар (Қырғызстанда көкбөрү деп аталады).
Көшпенділер ойындарының идеясы көптеген ірі этноспорт және мәдени мұра бастамаларының артында тұрған Дүниежүзілік этноойындар конфедерациясының жетекшісі Асхат Акибаевқа тиесілі.
Акибаев ойындарға қатысты үмітін ашық айтқан.
«Қырғызстан үшін бұл – бар байлын паш етуге және әлем сахнасындағы орнын нығайтуға мүмкіндік», — деді ол 2014 жылы «Вечерний Бишкек» газетіне.
Алайда бұл бастама тек спорт пен мәдениет қана емес, саясат пен дипломатиямен де тығыз байланысты еді.
Акибаев ойындарды мәдени бренд ретінде, Орталық Азияның көшпелі мұрасын әлемге танытатын құрал ретінде елестетті.
Ал Қырғызстанның сол кездегі президенті Алмазбек Атамбаев мұның артында басқа мүмкіндікті көрді. Оның ойынша, Көшпенділер ойындары — аймақтың экономикалық тұрғыда әлсіз елдерінің бірі үшін Орталық Азияның мәдени нарративін қалыптастыруға жол ашатын геосаяси мүмкіндік еді.
Ол бұл идеяны алғаш рет 2011 жылы Орталық Азия көшбасшыларының аймақтық кездесуінде ұсынды. Келесі жылы Қырғызстан жобаны Түркі мемлекеттері саммитінде ресми түрде таныстырды.
Атамбаев Қырғызстанды «қасиетті көшпенді жер» деп атап, ойындар тек Қырғызстанға ғана емес, бүкіл түркі әлеміне туристер тартатынын жариялады. Осылайша жергілікті бастама біршама кеңейді.
Орталық Азия елдерінің, әсіресе Қырғызстанның, «қатал күші» шектеулі, бірақ олар аттарының шығуын қалайды. Көшпенділер ойындары Ресей мен Қытайды алаңдатпай, көшбасшылық таныту құралына айналады. Түркі әлемінен келген спортшыларды, делегацияларды және БАҚ өкілдерін қабылдау Бішкекке ешкім қарсы болмайтын сала – мәдени дипломатияда аймақтық үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.
Жарыс аймақта инфляция, жемқорлық және саяси стагнация секілді ұзақ уақытқа созылған мәселелер тұрған кезде бірлік пен дәстүр арқылы рух көтеруге талпынды. (Атамбаев 2010 жылы қанды халық көтерілісінен кейін билікке келген еді, ал бірнеше айдан соң Қырғызстанның оңтүстігінде этникалық қақтығыстар болды.)
Билік ұйымдастырғанына қарамастан, Көшпенділер ойындарының өрісі алғашқы жарыстан бері тұрақты түрде кеңейіп келеді.
2014 жылғы алғашқы ойындарға 10 этноспорт бойынша 19 елден 583 спортшы қатысты.
2016 жылы бұл көрсеткіш 62 ел, 1200 спортшы және 26 спорт түріне жетті; 2018 жылы жарысқа 37 сайыс бойынша 74 елден шамамен 2000 спортшы қатысты.
Көшпенділер ойындарының жаһанға қызық екені айқын. Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Моңғолия және Түркия секілді көшпелі дәстүрі терең елдер тұрақты қатысады, бірақ Аргентина, Эквадор, Эстония, АҚШ және Гана сияқты күтпеген елдер де бар.
Брендинг тұрғысынан ойындарды табысты деуге болады.
2016 жылы екінші ойындар Қырғызстанға шамамен 60 мың турист тартты. Бұл бастаманың нарықтағы әлеуетін көрсетті.
Мемлекет ұйымдастырған жарыс ретінде ойындар Орталық Азия үкіметтеріне көшпенділікті «брендке» айналдырып, ортақ мұраны танымал мәдени брендке айналдыруға мүмкіндік берді.
Бірақ бар болғаны осы ма? Бұл тек билік қаржыландырған тағы бір жоба ма? Әлде ойындардың халық пен спортшылар үшін бұдан артық ерекше мәні бар ма?
Айым Тлепберген, 40 жастағы қазақ дәстүрлі садақшысы, Көшпенділер ойындарына екі рет қатысты. Алғаш рет спортшы ретінде 2022 жылы Түркияның Изник қаласында қатысса, ал 2024 жылы Астанада ұйымдастырушы әрі төреші болды.

Ол екі тәжірибе арасындағы айырмашылық бар дейді:
«Түркияда ойындар Осман империясы құрылған жерге жақын көлдің жағасында өтті. Бұл қазіргі түріктердің көшпелі мұрасын айқындайтын символға толы шара еді. Ол жердің маңызы сырт көзден гөрі жергілікті халыққа арналған символизмде болды. Түркиядағы ойындар фестиваль форматында өтті десек болады. Концерттер, сахналар, қойылымдар жергілікті қауымға арналды. Ауқымды шара болғанымен, спорттан гөрі үлкен шоуға татты».
Ал 2024 жылы Астанада өткен жарыс мүлде басқа болды.
«Қазақстанның басты мақсаты Көшпенділер ойындарын Олимпиада деңгейіне көтеру еді», – дейді Тлепберген. – «Бұл спортшылардың дайындығы, жарыс ауқымы, спорт түрлерінің саны және инфрақұрылым жағынан Олимпиадамен теңесуді білдірді».

Тлепберген ойындардың қалай жетіліп үлгергенін сөз етсе, Алматыдағы әлемнің алғашқы Дәукей көкпар клубының негізін қалаушы 51 жастағы Данияр Дәукей олардың болашағына назар аударады.
«Тамаша идея, тамаша жоба, бірақ әлеуетіне толық жеткен жоқ», — дейді ол.
Дәукейдің пікірінше, ойындарды шын мәнінде халықаралық ету үшін шетелдік командалар үшін қатысуды жеңілдету керек.
Ол көкпардың дәстүрлі он екі емес, үш шабандоздан тұратын өз нұсқасын ұсынды, себебі Орталық Азиядан тыс елдерге көп спортшы мен ат жіберу қымбат.
«Көшпенділер ойындары өте маңызды болды. Астанадағы соңғы ойындар оның маңызын арттырды. Кеңес дәуірінен кейін қазақтар этникалық дүниелерден алыстау болды… сондықтан көп нәрсе біз үшін жаңа», – дейді Дәукей.

Басқалар бұл ойындарға шетелден-ақ қызығып кетті.
41 жастағы америкалық садақшы Брайан Лунт 2024 жылы Астанада өткен бесінші ойындарға дейін екі жыл қазақтың дәстүрлі садақ атуымен айналысқан.
Ол этноауылдағы тағам сатушылар, мәдени көрмелер, өнерпаздар мен мұражай заттарын еске алады.
Аустралиялық Айеша Майат та Астанадағы ойындарға қатысып, командалық жамбы атуда алтын жеңіп алды.
Оның айтуынша, ойындар «Олимпиададан кем емес, тіпті соған тең» әсер қалдырған.
«Әуежайға қонған кезде еріктілер қарсы алып, бүкіл қалада билбордтар тұрғанын көргенде ерекше сезім туғызды», – дейді ол.
Астанада World Nomad Games бейнеленген билбордтарды бүгінге дейін халықаралық әуежайды қала орталығымен жалғайтын жол бойынан көруге болады.
«Ашылу салтанатындағы шеруге қатысатынымызды айтқанда ғана оның ауқымын шын сезіндік», – деді Майат. «Біз негізгі стадионға жаяу шығу үшін орташа көлемдегі бір стадионға жинадық. Ал негізгі стадион – барлық жабдығы бар, нағыз концерттік алаң еді».

Лунт сияқты Майат та этноауылда біраз уақыт өткізген.
«Әжелер тоқыма станогында жұмыс істеп отырды… бұл тамаша тәжірибе болды, себебі ел мәдениетінің бар элементі бір жерде жинақталған», — дейді ол.
«Ойындардан кейін Қазақстан туралы көбірек зерттеп, елде бір-бірінен ұқсамайтын он бір өңір бар екенін білдім. Соның біреуін ғана толық аралап шығудың өзіне бірнеше жыл кетуі мүмкін шығар, сондықтан бәрінің бір жерде тоғысқанын көру өте керемет болды.
Бұндай пікір Көшпенділер ойындары саясаттан гөрі мәдениетке негізделген «Орталық Азия брендингін» қалыптастыру мақсатын жүзеге асырғанын көрсетеді. Көшпелі мұраны біріктіретін көрме ретінде пайда болған бұл ойындар Орталық Азия елдеріне өздерін әлемге бәсекелестік немесе дағдарыс емес, мақтаныш пен сабақтастық арқылы таныстыруға мүмкіндік берді
Дегенмен ұйымдастырушылар фольклор төңірегінен толық шыға алмады. Ойындар азаматтық немесе аймақтық қатысудан гөрі әлі де этникалық спорт пен символдарға көбірек негізделген.
Өкініштісі, Орталық Азияның көптеген қарапайым тұрғындары бұл ойындарға немқұрайлы қарайтын немесе олар туралы мүлде бейхабар сияқты көрінеді.
Тлепберген Астанадағы ашылу салтанатына бара жатқанда такси жүргізушісі ойындар туралы мүлде білмегенін еске алды.
«Мен такси жүргізушісіне Көшпенділер ойынын ашылу салтанатына бара жатқанымды айттым», — дейді Тлеберген. «Ол ондайды ешқашан естімегенін, тек көкпарды ғана білетінін жеткізді Мен: “Қараңыз, баннерлер ілініп тұр ғой”, – деп көрсеттім. Ол болса: “Бұл жай ғана безендіру”, – деп жауап берді».
Ойындардың рөлін асырып жібермеу керек. Аймақта экономикалық және әлеуметтік мәселелердің рөлі басым, мәдени мұра маңызды болғанымен, бәрібір ең маңыздысы емес.
Соған қарамастан, көптеген спорт өкілдері Көшпенділер ойындарының әлеуеті бар деп есептейді.
Дәукейдің ұсынысы – шетелдіктер үшін қатысуды жеңілдету, яғни қатысудың бағасын арзандатып, шарттарын жеңілдету керек. Бұл ойындарды расымен халықаралық етуі мүмкін.
Ал Тлепбергеннің болжамы ұзақ мерзімге бағытталған:
«Алдағы 15–20 жылда ойындар Олимпиада секілді кең аудитория жинауы мүмкін», – дейді ол. «Экономика жақсарған сайын, адамдар этникалық спортқа, мәдениетке көбірек қызығады».
Көшпенділер ойындарының өсуі үшін оны міндетті түрде ескі мұраға байланыстыру қажет емес, ол өңірдің заманауи өмірімен де байланысты болуы мүмкін. Бұл бес түрлі елді біріктіруге жәрдемдесе алады.

Саясат пен экономикадан тыс өзара әрекет мемлекеттер арасында сенім мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайта алады.
Бұған ұқсас Британ империясының бұрынғы елдерін біріктіретін Достастық ойындары, француз тілді елдердің Франкофония ойындары және ТМД ойындары сияқты мысал бар.
Көшпенділер ойындарының ерекшелігі – олар саяси немесе тілдік ортақтыққа емес, ортақ өркениет және тарихи көшпенді мұраға негізделеді.
Ойындардың басы бар. Ендігі басты міндет – оларға мән беру, көрінісін мазмұнға толтырып, мұраны ортақ аймақтық әңгімеге айналдыру.
Кэтрин Никсон Нью-Йорк университетінде орыс және славян зерттеулері бойынша магистратурада оқып жүр. Ол 2025 жылдың шілде-тамыз айларында Орталық Азияны зерттейтін жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған CAPS Unlock бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтті.
Орталық Азия күн және жел энергиясына, гидроэнергетикаға, тіпті атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Бірақ бұл электр энергияны оған зәру адамдарға қалай жеткізуге болады?
Turn It Around! жастар көзқарасы болашақтың белгісіздігіне дайын болу үшін білім беру саласына қатысты нақты талаптарына айналды.
Ортақ мақсат пен стратегияға қарамастан, екі ел халықараландыру процесінде әртүрлі тәсілдерді қолданады.