Жастар үнінен іс-әрекетке дейін: Орталық Азияда климат жайлы білімді өзгерту үшін алты ұсыныс

Жақында жарияланған Turn It Around! Орталық Азия климат карталары қоршаған орта өзгерісінің алдыңғы шебінде өмір сүретін буынның шұғыл хабарын жеткізеді.

Аймақтың 150-ден астам елді мекенінен 935 бала мен жас жеткіншек жасаған бұл туындылар мен мәтіндер арқылы тек шығармашылығын көрсетіп қана қоймай, өзгеріске шақырады. Жастар көзқарасының көрінісінің бұндай теңдессіз мысалы олардың болашақтың белгісіздігіне дайын болу үшін білім беру саласындағы нақты талаптарға айналды.

Осы талаптар Орталық Азиядағы климат және экология саласындағы білімі берудегі өңірдің жаңа саяси позициясының негізін құрайды. Ол болашақта елдердегі ұлттық саясатты қалыптастыруға көмек береді.

Орталық Азия жастарының алты ұсынысы

1. Барлығының өзара байланысты екенін көрсетіңіздер

Жастар климаттың өзгеруін тұтас, өзара тығыз байланысқан дағдарыс ретінде көреді. Мысалы, су тапшылығы егін шығымының азаюына, ал ол отбасы күнкөрісі мен денсаулығына зиян тигізеді. Олар осы шындықты бейнелейтін білімді, яғни  жеке пәндер мен оқулықтарға бөліп-жармай, су, тамақ, энергия және экожүйелер арасындағы байланысты оқытуды сұрап отыр.

2. Қорқынышымызбен күресуге арналған құралдарды және мәселені шешуге мүмкіндік беріңіздер

Карталар жинағы терең экологиялық үрей мен қайғыны, бірақ сонымен бірге белсенді болуға деген күшті ұмтылысты паш етеді. Жастар ауыр сезімдер мойындалып, қолдау табатын оқу ортасын қалайды. Ең бастысы — олар сезімдерін ағаш отырғызудан бастап жергілікті тазалық жұмыстарына дейінгі нақты жобалармен ұштастырғысы келеді. Бұл алаңдаушылықты нәтижелі, үміт отын жағатын іс-қимылға айналдырады.

3. Мұғалімдерімізге бізге жол сілтеуге мүмкіндік беріңіздер

Оқушылар мұғалімдерді климат дағдарысын шешуде маңызды тірек деп үнемі атап өтеді. Бұл рөлді орындау үшін педагогтарға арнайы оқыту, жаңартылған дереккөздер және қазіргі ахуал жайлы жауап бере алатындай кәсіби дербестік қажет. Мұғалімдер стандартты оқу бағдарламасынан тыс сыни ойлаудың, диалогтың және қоғамдастықка негізделген проблемаларды шешудің фасилитаторына айналуда қолдауды қажет етеді.

4. Мектептерімізді қауымдастықтардың іс-қимыл орталықтарына айналдырыңыздар

Жастар ойлап жүрген шешімдер жергілікті және ұжымдық сипатқа ие. Олар мектептерді күрестің белсенді орталығы ретінде көреді. Онда оқу бақтары, жаңартылатын энергия жобалары және оқушылар, ата-аналар мен үлкендер білімін бөлісетін ортақ кеңістіктер бар. Бұл білімді пассив сынып жұмысынан қоғамдастықтағы қамқорлықтың тірі орталығына айналдырады.

5. Бізді өткен күн емес, ертеңгі күнге дайындаңыздар

Климаттың ықпалына тап болған экономикада болашақтың қауіпсіздігі жайлы терең алаңдаушылық бар. Жастар оларды тұрақтылыққа байланысты кәсіптерге, оның ішінде жаңартылатын энергия, тұрақты ауыл шаруашылығы, экожүйелерді қалпына келтіру және табиғатты күту саласындағы білім беруді сұрайды. Бұл адамды да, табиғатты да сыйлайтын күнкөрісті қамтамасыз ете алады.

6. Үкіметіміздің бірлесіп жұмыс жасайтынын қамтамасыз етіңіздер

Карталар жинағындағы жастардың мектепте бір нәрсені үйрене отырып, сыртта оған мүлде қарама-қайшы шешімдердің куәсі болғанын жиі байқауға болады. Жастар білім, қоршаған орта, су, ауыл шаруашылығы және еңбекке жауапты министрліктердің бірлесіп жұмыс жасайтындай үйлесімді басқаруды талап етеді. Мемлекеттік саясат сыныпта айтылғанды дәлелдесе, білім беру беделге және нақты күшке ие болады.

Алдағы жол

Аталған үндеу білімді климат дағдарысына қарсы күрестегі беріктіктің, қоғам ынтымақтастығы және ұзақ мерзімді саулықтың іргетасы ретінде қарастыратын жаңа өңірлік саясат позициясының өзегін құрайды. Елдер климатқа қатысты басымдықтары мен болашақтағы даму бағыттарын қайта бағалап жатқан кезде жастар дауысы оңтайлы бастапқы нүктені ұсынады.

Орталық Азия жастарының айтары айқын. Олар өсіп келе жатқан полидағдарыстың пассив құрбандары емес, өзгерістердің аңғарғыш, мейірімді және ынталы субъектілері. Саясаткерлер, педагогтар мен басшылар үшін басты сұрақ мынада: олар тыңдауға және осы буынның нақтылығы мен ерлігіне лайық білім жүйелерін құруға дайын ба?

Тәгтер бойынша байланысты жазбалар

Дөңгелек үстел | Орталық Азияның энергетикадағы өтпелі кезеңіндегі жетіспейтін бөлігі

Орталық Азия күн және жел энергиясына, гидроэнергетикаға, тіпті атом энергетикасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Бірақ бұл электр энергияны оған зәру адамдарға қалай жеткізуге болады?

Орталық Азия мен АҚШ арасындағы B5+1 форумында не айтыл(ма)ды

Бизнестегі мүмкіндіктер көбейген сайын тек ресурстар мен нарыққа қол жеткізу туралы ғана емес, қабылданатын шешімдердің салдары туралы да ойлану қажет.

Халықаралық жоғары білім саласындағы ынтымақтастық пен дамуды Қазақстан мен Қытай мысалында қайта саралау

Ортақ мақсат пен стратегияға қарамастан, екі ел халықараландыру процесінде әртүрлі тәсілдерді қолданады.

All posts