Климат жайлы мектептегі білім беруді өзгерту

Алматы облысындағы жарық және шуға толы сыныпта күші тасып тұрған жиырмаға жуық 8 жасар бала отыр.

Түнгі жаңбыр мектеп ауласынның бетін жылтыратып кеткен.

Ұстаз Айдарова апай, тақтаға екі сөз жазады: климаттың өзгеруі.

Бірнеше оқушы басын изеп қояды, олар бұл тіркесті бұрын не теледидардан, не бауырларынан естіген болар. естіген. Бірақ сөздің мәнін толық түсінбейтін сияқты. Ересектер талқылайтын шалғайда орын алып жатқан алпауыт процесс іспеттес. Сәл қорқынышты сезіледі.

Turn It Around! жобасы дәл осындай түсінікті өзгерту үшін жасалды. ЮНЕСКО, CAPS Unlock және Климаттық білім беру жөніндегі Орталық Азия альянсы (ЦАКО) Аризона мемлекеттік университетінің қолдауымен әзірлеген бұл жоба абстрактілі алаңдауды қызығушылыққа айналдырады.

Орталық Азияның жас суретшілері жасаған қазақ, қырғыз, тәжік, өзбек, орыс және ағылшын тілдеріндегі карталар колодасы – қолдануға жеңіл құрал. Әр картада сұрақ, тапсырма немесе өмірде кездесетін көрініс салынған бейне бар. Мысалы, кеуіп кеткен өзен арнасы, адамға лық толы қала көшесі, су үнемдеген отбасы, ағаш отырғызған бала бейнеленген.

Айдарова апай сыныпты шағын топтарға бөліп, әр топтың алдына бірнеше карточка қояды.

«Мұқият қараңдар, – дейді ол. – Мұнда не болып жатыр? Бұл суреттен не түсінесіңдер?»

Басында тек күлкі естіледі. Суреттер түрлі-түсті, әсерлі, бірден назарды тартып алады. Сосын сынып тыныштала бастайды. Бір топ өртеніп жатқан орманды байқайды. Екіншісі тайыз суда әрең дем алған балықтарды көреді.

«Бұл Арал теңізі», — дейді бір бала мақтанышпен, бұрын көрген деректі фильмді еске алып. «Ол бұрын үлкен болған!»

Мұғалім балаларды өмірдегі оқиғалармен байланыстыруға бағыттайды. Бұл суреттер олардың өз қаласына, ауылына немесе тұрғылықты жеріне қалай қатысты? Олар немесе олардың егде туыстары қандай өзгерістерді байқады? Жаз бұрынғыдан гөрі ыстық, қар мөлшері азайып, ал бұрын егістік болған жерлерге салынған жаңа ғимараттар сияқты өзгерістерді байқады ма екен?

Осындай жаттығу климаттың өзгеруін өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыра алады.

Карталарға қоса берілген оқу құралы ұстаздар үшін осындай тақырып аясында сабақ құруды жеңілдетеді. Карталар лекция форматы емес, балаларды қызықтырып, ізденіске итермелеу үшін қажет.

Жаратылыстану сабақтарында карталар температура немесе су айналымы жайлы тәжірибе жасауға болады. Тіл сабақтарында карталарды әңгіме мен өлеңге айналдыруға болады. Бейнелеу өнерінде плакаттар мен шағын кампания жасауға шабыт береді. Мақсат әрдайым бір: балаларға сыни ойлауды, бірлесе жұмыс істеуді үйрету және білімін пайдаланып шешімді табуға көмектесу.

Айдарова ханымның сыныбының бір топ баласы үйде суды үнемдеу туралы плакат жасауды шешті. Екінші топ әр мектеп көктем сайын ағаш отырғызуы керек деген ұсыныспен әкімге қысқа хат жазады. Шығармашылық мазасыздық сезімін әрекетке айналдырады. Сабақ соңына қарай «климаттың өзгеруі» тіркесінің ауыр мәні жеңілдей түскендейі.

Әрине, аймақтағы басқа елдерде бұл сөздер басқаша айтылады. Қырғызстанда оған ұқсас болады: климаттын өзгөрүшү. Өзбекстанда – Iqlim o‘zgarishi, ал көрші Тәжікстанда – тағйирёбии иқлим.

Бірақ Turn It Around! философиясы қай тіл болса да өз қалпында қалмақ. Жеріміз жайлы жаңа нәрсе үйрену үміт сыйлайтындай, қолмен ұстауға, бірлесе үйренуге болатындай формаға ие болады.

Бұл карталар Аризона мемлекеттік университеті 2021 жылы бастаған жаһандық бастамадан туған, ал CAPS Unlock және серіктестері Орталық Азияға арнап бейімдеген. Аймақ комитеті оқушылар жіберген жүздеген жұмыс ішінен 68 иллюстрацияны таңдады. Авторлардың көбі өз жұмысын алған рет баспаға беріп отыр.  

Солардың бірі – Алматы Менеджмент Университетіндегі SDG Legion AlmaU студенттер клубының мүшесі Айым Мынбай жобаның таныстырылымында мұны керемет сипаттай алды:

«Біздің табиғат – жай фон емес. Ол – біздің мәдениетіміз, құндылықтарымыз, кімдігіміз», — деді ол.

Енді сол сенімнен туған бұл карталарТашкент пен Бішкек, Душанбе мен Шымкенттегі мектеп сыныптарына жетіп, жас ұрпақты өзгеріп жатқан климатқа сенім және үмітпен қарауға ынталандырады.

Сабақ аяқталған кезде Айдарова ханым карталарды қайтадан қорапқа жинайды.

«Келесі жолы біз өз карталарамызды жасаймыз», – дейді ол оқушыларына.

Балалар қуана бас изейді. Иә, климат өзгеріп жатыр. Бірақ оған қатысты әрекет ету тәсілдеріміз де өзгеріп жатқан болар.

Сыныпта Turn It Around! флеш-карталарын қолдану әдісі туралы видеоны YouTube арнамыздан көре аласыз.

Сонымен қатар бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі оқу жоспарларымен де таныса аласыз.

Оларды жүктеп алып, сабақта қолдануға болады. Картаны сабақта пайдалану жайлы пікіріңізді қуана қабылдаймыз. Бізге пошта (info@capsunlock.org) немесе әлеуметтік желі арқылы хабарласа аласыз.

Posts Related by Tags

FATF талаптары Қазақстандағы терроризмге емес, азаматтық қоғамға зиянын тигузіде

Қысқа сұрақ қояйын.

Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?

Біздің білуімізше, нөл.

Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?

Мұнай кен орындарынан университет аудиторияларына дейін жалғасқан Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс

Қазақстандағы қалашықта итальян тілін естимін деп ойламайсың. Бірақ бірнеше жыл бұрын дәл солай болды. Екі ер адам өнеркәсіп жабдығын сататын бизнесін тіркеу үшін қажет құжаттар жайды дауласып жатыр екен. Италияда ұзақ жылдар оқығанымның арқасында тілді білетіндіктен, мен көмек берейін деп араластым. Төрт қолтаңба қойып, үш кесе эспрессо ішкен соң мәмлеге келдік. Ең оңай тапқан 100 […]

CAPS Unlock-тың тарихы

Біздің мақсатымыз – аймақты ашып қана қоймай емес, оны таптауырыннан тазарту. Тозығы жеткен, шындыққа жанаспайтын, бірақ қайталана беретін нарративті қайта жазу.

All posts