Kazakhstan's President Kassym-Jomart Tokayev meeting with Italian Prime Minister Giorgia Meloni in Rome in January 2024.
Қазақстандағы қалашықта итальян тілін естимін деп ойламайсың.
Бірақ бірнеше жыл бұрын дәл солай болды.
Екі ер адам өнеркәсіп жабдығын сататын бизнесін тіркеу үшін қажет құжаттар жайды дауласып жатыр екен. Италияда ұзақ жылдар оқығанымның арқасында тілді білетіндіктен, мен көмек берейін деп араластым.
Төрт қолтаңба қойып, үш кесе эспрессо ішкен соң мәмлеге келдік. Ең оңай тапқан 100 еуром болды!
Алайда мұндай жағдай әбден орын алу мүмкін екен.
Кейін Қазақстанда шамамен 270 итальян компаниясы тіркелгенін білдім. Италиядан келетін импорттың едәуір бөлігі – машиналар мен электрондық компоненттер.
Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің Қазақстанға сапарына (ол 29 мамырдан бастап екі күн Астанада болады) орай БАҚ-та жарық көрген статистикаға толы материалдар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастың қарқынды дамып жатқанын растайды.
Мелони Қазақстанға ертерек келуі керек еді. 2023 жылы жоспарланған сапар Эмилия-Романья аймағындағы су тасқынына, ал биыл сәуірде Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты кейінге қалдырылды.
Күн тәртібінде Қазақстандағы екіжақты консультация және өңір елдерімен «C5+1» саммитіне қатысу бар. Келіссөздер нақты әрі прагматик болатыны анық.
Қазақстанға келгенде итальяндар «ортақ тағдыр» немесе идеологиялық жақындық туралы айтуға құмар емес. Олардың тәсілі – практик және тұрақты серіктестік құру. Өткен жылы Римде Мелони мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуінен кейін Италия үкіметі жарияланған коммюникеде серіктестіктің «стратегиялық маңызы» жайлы айтылды.
Италия – Еуропадағы энергияға тәуелді экономикалардың бірі. Ел қажет энергияның шамамен 75 пайызын импорттайды. Қазақстан ұзақ жылдар бойы мұнай, газ және басқа да шикізатпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл одақ 1992 жылдан бері екіжақты ынтымақтастықтың негізін қалап отыр.
Қарым-қатынастың тірегі – логотипіндегі алты аяқты итке байланысты кейде солай аталатын танымал итальян энергетика саласындағы үлкен ENI компаниясы. ENI 1990-жылдардан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді және елдің энергетика секторында, әсіресе Қарашығанақ пен Қашаған кен орындарында үлкен рөл атқарады. Мұнда жыл сайын ондаған миллион баррель мұнай және 2,5 млрд текше метрден астам газ өндіріледі.
Бірақ серіктестік кеңеюде. 2024 жылы ENI және «ҚазМұнайГаз» Жаңаөзенде қуаты 247 мегаватт болатын гибрид электр станциясының құрылысын бастады. Жоба мақсаты – мұнай кәсіпорындарын көміртеr деңгейі төмені электрмен қамтамасыз ету. Аздап кешігіп жатқанына қарамастан (аяқталуы 2026 жылы күтіледі), бұл жоба энергетикадағы стратегиялық серіктестіктің маңызды элементі саналады.
Сонымен қатар, ENI «Самұрық-Қазына» және QazaqGaz-бен көміртек деңгейі төмен технологияларды дамыту және шығарындыны азайту бойынша келісімге келді.
Жаңа гибрид және «жасыл» жобалар жай ғана мұнайды ақшаға айырбастаудан кеңірек байланысқа жол ашады. Ынтымақтастықты дамыту үшін ол жергілікті қосылған құн қалыптастыруы, экологиялық зиянды азайтуы, еңбек жағдайларын жақсартуы және Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қолдауы тиіс. Өйткені мұнай дәуірі мәңгі емес.
Егер мұнай серіктестіктің іргетасы болса, адамдар оған мән береді.
Қазір Қазақстан мен Италия университеттері арасында 98 келісім бекітілген. Итальян университеттері «Болашақ» және «500 ғалым» сияқты ірі бағдарламаларға белсенді қатысады. Қос диплом бағдарламалары жүзеге асып жатыр. 2024 жылы Италиядағы қазақстандық студенттер жаңадан келгендерге көмектесуге және мүмкіндіктерді көбейтуге арналған қауымдастық құрды.
Студенттер саны өсіп жатқанымен, Италияға жету оңай іс емес. Соңғы жылдары виза кеш беріледі. Кейде рұқсат ұшуға бірнеше күн қалғанда немесе тіпті бірнеше күннен кейін беріледі. Бұл сұраныстың артып, бірақ консул ресурсының оған сәйкес болмауынан орын алады.
Қазір виза рәсімін жеңілдету шарасы талқыланып жатыр. Егер бұл жүзеге асса, екі елді одан әрі жақындайды.
Мәдени ынтымақтастық та күшейіп келеді. 2023 жылы Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы итальян мәдени орталығы ашылды. Ол концерттер, көрмелер және тіл курстарын ұйымдастырады. Жақында Астанадағы Ұлттық музейде Римдегі Орталық реставрация институтымен бірлесіп, реставраторларды оқыту бағдарламасы басталмақ.
Тағы бір маңызды, бірақ көп айтылмайтын қадам – Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әскери жерлеу туралы екіжақты келісім. Ол қаза тапқан сарбаздардың қабірін сақтау бойынша екі елдің қорғаныс ведомстволарының ынтымақтастығын бекітеді. Қаза тапқандардың арасында Түркістан легионында немесе итальян партизандары жағында соғысқан этникалық қазақтар бар. Италияның солтүстігіне шашыраған қабірлері тарихтың да біріктіре алатынын еске салады.
Туризм де серіктестіктің бір бөлігіне айналуда. Көптеген итальяндар әлі күнге дейін Қазақстанның қайда орналасқанын дәл айта алмаса да, жағдай өзгеріп келеді. 2023 жылдан бастап NEOS әуе компаниясы Миланнан Алматыға дейін ұшатын тікелей рейсті іске қосты. Италияға баратын қазақстандықтар саны жыл сайын өсуде. Енді аптасына екі емес, үш рейс болады.
Шағын және орта бизнесті серіктестіктің байланыстыратын буыны деуге болады. Қазан айында Миланда өткен алғашқы Сауда-инвестициялық форумға Қазақстаннан елуден астам компания қатысты. Олар ауыл шаруашылығы, мұнай, IT және туризм сияқты әртүрлі салаларды таныстырды. Форум сегіз ынтымақтастық келісімге алып келді. Бұдан бөлек, Астанада Итальян–қазақ сауда қауымдастығы енді Италия–Қазақстан іскерлік форумын ұйымдастырады.
Мықты қарым-қатынас тек саудаға ғана негізделмейді.
Инвесторлар, ұйымдар, студенттер, зерттеушілер мен кәсіпкерлерге тұрақтылық, ашықтық және өзара сенім қажет. Құқық пен институттардың тұрақтылығы – абстракт ұғымдар емес, берік байланыстардың негізі.
Әрине, адами фактор да бар. Болоньяда алғашқы семестрін өткізіп жүрген қазақстандық студенттің де, Атырауда ісін бастаған итальян кәсіпкерінің де күнделікті тәжірибесі – қарапайым рәсім емес. Адамдар арасындағы қарым-қатынас дипломатияға мән береді.
Бұл серіктестікті тереңдетудің бір ғана жолы жоқ. Бірақ қажет пен адами байланыстан бастау – дұрыс стратегияның белгісі.
Қысқа сұрақ қояйын.
Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?
Біздің білуімізше, нөл.
Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?
Біздің мақсатымыз – аймақты ашып қана қоймай емес, оны таптауырыннан тазарту. Тозығы жеткен, шындыққа жанаспайтын, бірақ қайталана беретін нарративті қайта жазу.
«Mapping Global China» жобасы Қытайдың Орталық Азиядағы бастамаларын қадағалауға мүмкіндік беріп, жергілікті шешімдер мен сыртқы ықпалдың қалай тоғысатынын көрсетеді.