Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіруі салдарынан әлемдегі сауда жүйесінің бұзылуы Орталық Азия елдеріне жаңа әрі қызықты мүмкіндіктер ашты.
Аймақ ұзақ уақыт бойы шикізат экспортына тәуелді болды және экономикасын әртараптандыра алмады. Бұл – маңызды болса да, бірақ көбіне Орталық Азия елдерінің мүмкіндігін шектейтін Ресей және Қытаймен орнаған экономикалық байланыстың нәтижесі.
2022 жылдың ақпанынан бері өзгерістер байқалғанымен, олар айтарлықтай әсер еткен жоқ. Үкімет пен бизнес мүмкіндікті толық пайдалана алмағанын көрсетеді.
Еуропаға бағытталған экспортың көлемі салыстырмалы түрде қысқарды, Қытайдың үлесі артты, ал Ресейге жіберілген реэкспорт күрт өсті.
Машина жасау мен тоқыма сияқты салаларда әртараптандыру әлеуеті бар, бірақ Орталық Азия ішіндегі өзара сауда әлі де өзін толық жетілдіре алмай отыр.
Шикізатқа тәуелді болу қарғысы
Орталық Азия экспортың басым бөлігін әлі де негізінен шикізат құрайды. 2017–2023 жылдары жалпы экспорт көлемінің мұнай мен газ, метал мен уран 80 пайызын құрады. Ал аймақ экспортының 72 пайызын Қазақстан қамтамасыз етті.
Бұл тәуелділік аймақты шикізат бағасының өзгерісіне осал етеді және оның экономикалық тұрақтылығын шектейді.
Сонымен қатар, 2022–2023 жылдары жеңіл өнеркәсіптің 85,6 пайызға өсуі әлі де әлеуеттің бар екенін көрсетеді. Алайда бұл өсім ұзақ мерзімді үдеріс пе, әлде пандемиядан кейінгі жағдайдың жақсаруы мен сауда жолдарының қайта құрылуының уақытша әсері де болуы мүмкін.
Қосылған құны жоғары өнімдер экспортын дамыту шикізат тәуелдігін азайта алар еді, бірақ ол үшін инфрақұрылым мен өндіріс базасын дамыту үшін ауқымды инвестиция құю қажет.
Қытаймен байланыстың өсуінің оң да, кері де әсері бар
Қытаймен сауда көлемі күрт артты. 2021 жылы Орталық Азияның Қытайдан импорты $15,8 млрд болса, 2023 жылы $36 миллиардқа жетіп, аймақ импортының 30,1 пайызын құрады.
Бұл біржақты қозғалыс емес. Қытайдың үлесі аймақ экспортында да өсті. Бұл үрдіс бір мезгілде мүмкіндік сыйлап, қауіп те әкеледі.
Бір жағынан, Қытай Орталық Азияның шикізаты үшін орасан зор нарық ұсынып, теміржол мен энергия құбырлары сияқты инфрақұрылымға белсенді инвестиция құюда. Тек Қазақстанның өзінде 2022 жылы қытайлық инфрақұрылым инвестициясының көлемі $28 миллиардтан асты. Бұл жобалар аймақтың ұзақ мерзімді байланысын арттырады.
Алайда екінші жағынан, Қытайға тәуелділіктің күшеюі Ресейге тәуелді болуды тек басқа біреумен ғана алмастырып қояды.
Қытайдан келетін импорт негізінен көлік, электроника және тұтыну тауарларынан тұрады, бұл Орталық Азияның шикізат жеткізушісі ретінде рөлін бекітеді.
Мұндай тәуелділік пен қарым-қатынастың теңжақты болмауы аймақтың экономикалық және геосаяси тұрақтылығына қатер төндіреді, өйткені ол сыртқы серіктестердің шартына тәуелді болады.
Бұл қауіпті бетін қайтару үшін саясаткерлер Қытайдың шикізат сұранысын технологиялық трансфер мен бірлескен өндірістер құруға бағыттап, индустрияның дамуды ынталандыруы қажет. Сонымен қатар, Қытайдан тыс сауда байланысын әртараптандыру маңызды.
Ресейге реэкспортың өсуі уақытша ма?
Орталық Азияның Ресейге экспорты 2022–2023 жылдары 2020–2021 жылдармен салыстырғанда 64,4 пайызға өсті. Негізгі қозғаушы күш – машина жасау, тоқыма және өнеркәсіп тауарлары.
Бұның басым бөлігін реэкспорт қамтамасыз етті: аймақ көбіне санкцияларды айналып өту мақсатында Ресейге бағытталған тауарлардың негізгі транзит торабына айналды.
Мысалы, Қырғызстан туралы ақпарат бұл құбылысты айқын көрсетеді: Қытайдың Қырғызстанға экспорты мен Қырғызстанның Қытайдан импорты арасында $25,7 миллиард айырма бар. Бұл Ресейге жіберілген, бірақ есепке алынбаған тауар ағынын білдіреді.
2022–2023 жылдары Орталық Азияның Ресейге машина мен қосалқы бөлшектер экспорты 600 пайыздан астам өсті. Негізгі тауарлар – автокөлік бөлшектері, баспа құрылғысы және электр трансформатор. Бұл аймақтың транзит хабы ретіндегі рөлін нақтылайды.
Қысқа мерзімде мұндай сауда табысты болғанымен, тәуекелге толы.
Сұр схемалар мен реттелмеген транзит ашық деңгейін төмендетіп, санкция режимінің талаптарын сақтауды қиындатады. Егер аймақ сауданы формализациялап, қосылған құны жоғары өнімді өндіруге көшпесе, Орталық Азия әлемдегі сауда жолдарының шетінде қалып қоюы мүмкін.
Аймақ елдерінің арасындағы саудадан көңіл қалды, бірақ үміт бар
Абсолют шамадағы өсімге қарамастан, 2022 жылы Орталық Азияның елдерінің арасындағы сауда жалпы экспортың тек 9 пайызын құрды (2006 жылы – 3,1 пайыз). Бұл көрсеткіш аймақ интеграциясының әлеуетінің толық дамымағанын білдіреді.
Қазақстан негізгі актор, оған өңірдің ішіндегі экспорттың 51,5 пайызы тиесілі. Ал Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы сауда шектеулі. 2022 жылы Өзбекстанның басқа Орталық Азия елдеріне экспорты оның жалпы экспортының небәрі 14,6%-ын құрады.
Кеден және сауда саясатының үйлеспеуі, көлік инфрақұрылымының әлсіздігі және тариф айырмашылығы аймақ мүмкіндігің тежеп отыр. Аймақ ішіндегі тасымал шығыны – әлемдегі ең жоғарыларының бірі.
Тығыз ынтымақ елеулі экономикалық пайда әкелер еді. Әсіресе теміржол және шекарадағы логистика тораптарға саласына тартылған инвестициялар шығынды азайтып, тиімділікті арттыра алады. Сауда ережелерін үйлестіру, кедендік рәсімді жеңілдету және тарифке қатысы жоқ кедергілерді жою өндірістегі бірлескен жұмыстың жаңа мүмкіндіктерін ашар еді.
Орталық Азияға не қажет: RIDE жолдамасы
Орталық Азияның әлемдік сауда аренасындағы тәуелсіз әрі өркендеген ойыншы ретінде болашағы RIDE жолдамасын алу-алмауына байланысты.
R – Regional integration (аймақ интеграциясы),
I – Infrastructure development (инфрақұрылымды дамыту),
D – Diversification (әртараптандыру),
E – Engagement (сыртқы серіктестік).
Аймақтық интеграция – әлеуетті аша алатын басты жол. 2006 жылғы 3,1 пайыздан 2022 жылы пайызға өскенмен, бұл көрсеткіш Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (ASEAN) деңгейінен (22 пайыз) әлдеқайда төмен. Тарифтерді үйлестіру, кедендік рәсімді жеңілдеті және ынтымақтастықты арттыру Орталық Азия саудасын бәсекеге қабілетті етеді.
Инфрақұрылымды дамыту — бұл үдерістің іргетасы. Дүниежүзілік банктің деректеріне сәйкес, аймақтағы тасымал шығындары әлемдегі орташа деңгейден 60 пайызға жоғары. Көлік желісін, шекара және логистика орталықтарын жаңғырту бұл шығынды қысқартып, әлем нарығына бағытталған экспорты қолжетімді әрі тартымды етеді.
Шынайы тұрақтылық әртараптандырусыз мүмкін емес. 2017–2023 жылдары экспорттың шамамен 80 пайызы шикізатқа тиесілі болды. Алайда машина жасау мен тоқыма салаларының тиісінше 224 пайыз және 85 пайыз өсуі жоғары қосылған құнды салаларды дамытудың әлеуетін көрсетеді.
Сыртқы серіктестік – соңғы маңызды бөлік. Қытай мен Ресейдің рөлі маңызды болғанымен, олардың ықпалы басқа аймақтармен тең болуы тиіс.
Орталық Азия Еуропамен, Таяу Шығыспен, Оңтүстік Азиямен, АҚШ-пен және басқа да серіктестермен байланысын күшейтуі қажет. Бұл технологияны тартуға, экспорт нарығын кеңейтуге және жасыл технологиялар мен жоғары технология өндірісі сияқты жаңа салаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
RIDE Орталық Азияға қазіргі сауда үлгісінінен шығуға және әртараптандырылған, орнықты, серпінді экономикалық болашақ құруға арналған жол картасы деуге келеді.
Қырғызстанның сауда көлемі өндіріс көлемінен артық. Айтарлықтай артық. Бұл бір жағынан артықшылық болса, екінші жағынан кемшілік. Он жылдан астам уақыт бойы Қырғызстан Орталық Азия арқылы өтетін тауарлардың хабына айналды. Қытай тауарларына толған жүздеген жүк көлігі Торугарт пен Иркештам шекара өткелдерінен бастау алатын таулы жолдармен гүрілдеп өтеді. Ұсақ кәсіпкерлер арзан отын алу үшін Қазақстанмен арасындағы шекарадан […]
«Mapping Global China» жобасы Қытайдың Орталық Азиядағы бастамаларын қадағалауға мүмкіндік беріп, жергілікті шешімдер мен сыртқы ықпалдың қалай тоғысатынын көрсетеді.
Қысқа сұрақ қояйын.
Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?
Біздің білуімізше, нөл.
Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?