CAPS Unlock Жапонияның Окаяма университетіндегі Тұрақты даму мүддесіндегі зерттеу және білім беру жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі және тұрақты даму мақсаттарын қолдау орталығының директоры профессор Хироки Фуджимен әңгімелесті. Тұрақты даму мүддесіндегі білім (ТДБ) – оқушыларға неғұрлым әділетті әрі тұрақты болашақ құру үшін қажет білім, дағдылар, құндылықтар мен ұстанымдарды дарытатын оқыту тәсілі.
Бұл – климат жайлы білім беру саласындағы халықаралық сарапшылармен жарияланатын екі сұхбаттың біріншісі. Профессор Фуджидің жұмысы Жапония контексіне арналғанымен, оның ой-пікірлері Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдеріне де пайдалы. Оның тәжірибесі климат жайлы білім берудің әмбебап бола алмайтынын көрсетеді. Жергілікті мәдени, институция және оқу ерекшелігін түсіну – жаһан идеяларын аймақ контексіне бейімдеудің кілті. Профессор Фуджи климаттың өзгеруі – жаһан мәселесі, бірақ шешімдер жергілікті деңгейде қабылдануы тиіс және басқа елдердің тәжірибесіне сүйенуі керек дейді.
Профессор Фуджи: Климат саласындағы білім – Жапонияда салыстырмалы түрде жаңа бағыт. Ол ресми түрде 2010 жылы енгізілді және 2012 жылы Дохада өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы мен ЮНЕСКО-ның климат мәселелері бойынша хабардар болу пен білім беруді ілгерілетуге арналған Доха іс-қимыл бағдарламасынан кейін қарқын ала бастады.
Содан бері мемлекеттік органдар мен өзге секторлар климат жайлы білімді дамыту шараларын қолға алды. Біздің орталықта біз мұғалімдерді даярлауға басымдық береміз, өйткені біз өзіміз де педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларымыз. Негізгі мәселе – климат тақырыбын бұрыннан-ақ тым жүктелген оқу жоспарына енгізу. Бұны тиімді іске асыру үшін нақты мемлекеттік саясат қажет, алайда көбіне бәрі жеке оқытушының ынтасына байланысты. Өзім химия пәнінің оқытушысы ретінде курстарыма климаттың өзгеруі тақырыбын енгізіп келемін. География, биология, физика және химия пәндері бұған табиғи түрде бейім. Бірақ бұл әріптестерімнің бәрінде бірдей емес. Олардың бұған ынтасы немесе уақыты болмауы мүмкін.
Жапонияда ұлттық нұсқаулықтардың болмауы – үлкен кедергі. Әр университет мұғалімдерді даярлау бағдарламасын өз бетінше жасайды, себебі Білім министрлігі бірыңғай стандарттар ұсынбайды. Бұл бізді кейбір Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен ерекше етеді, себебі онда мемлекет әлдеқайда белсенді рөл атқарады.
Сондықтан прогресс біркелкі емес және жеке адамдардың күш-жігеріне байланысты. Қоғам пікірі де маңызды. Жапонияда климат саласындағы бастамаларына азаматтардың қатысу деңгейі төмен. Еуропа немесе Солтүстік Америкадағыдай жастар қозғалыстары мен шерулер сирек өтеді және БАҚ ол туралы көп ақпарат таратпайды. Қоғам тарапынан қысымның әлсіз болуы да климат саласындағы білімнің дамуын тежейді.
Профессор Фуджи: Дұрыс айтасыз. Біз «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» тәсілдердің екеуін де қолдандық, бірақ басты назарды мұғалімдерді даярлауға аудардық. Біз жобаларымыз туралы тұрақты есеп беріп, оларды Жапониядағы ЮНЕСКО ұлттық комитетімен бөлісеміз. Бұл есептер мұғалімдерді даярлау жүйесінде де, мектеп жүйесінде де климат жайлы білімнің маңызын арттыруға көмектеседі.
Біздің ықпалымыз шектеулі болғанымен, педагогикалық білім беру мекемелерімен және ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектептерімен (әлем бойынша шамамен 10 мың, оның ішінде Жапонияда 1 000) мықты желі құрдық. Білім министрлігі мен ұлттық комитет қызметімізді бақылайды. Уақыт өте келе бұл идеялар ұлттық бағдарламаларға енгізілуі мүмкін.
Ал әзірге біз мұғалімдерге бағытталған бастамаларды дамытамыз. ЮНЕСКО-ның Тынық мұхиты өңірі мәдениет орталығымен бірлесіп, ел бойынша тренинг өткіземіз. Онлайн оқыту арқылы климат жайлы білім беру құралдарын елдің түкпір-түкпіріне таратуға тырысамыз.
Профессор Фуджи: Жапонияның Білім министрлігі өз сайтында тұрақты даму мүддесіндегі білім туралы жалпы сипаттама жариялаған, онда климаттың өзгеруі, биоалуантүрліліктің жойылуы, апат қаупін азайту, жаңартылатын энергия, адам құқықтары, тұрақты тұтыну және кедейлікпен күрес сияқты тақырыптар қамтылады. Климаттың өзгеруі осы тізімде бар, бірақ ол көптің бірі деп қарастырылады.
Алайда климаттың өзгеруі бір төбе. Бұл – шұғыл әрі ауқымды мәселе. Ол биоалуантүрлілікке, энергия тұтынуға, тұтыну әдеттеріне, сондай-ақ бейбітшілік пен қоғамдық тұрақтылыққа әсер етеді. Сондықтан біз оны білім берудің күн тәртібінде басым бағыт ретінде қарастыруымыз керек деп есептейміз.
ЮНЕСКО да осы шұғылдықты құптайды. Екі жыл бұрын ол мектеп басқару оқыту, мұғалімдерді даярлау және ересектерді оқытуды қамтитын «Білімге экологияны енгізу жөніндегі серіктестік» атты сегіз жылдық бастамасын іске қосты. Дегенмен көптеген жапон саясаткерлері климат тақырыбын әлі де тұрақты даму мүддесіндегі білім берудің бөлігі ретінде қарастырады. Біз көзқарасымызды өзгерту қажет деп санаймыз: климаттың өзгеруі – барлығын қамтитын өзекті тақырып.
Профессор Фуджи: Иә. Өткен жылдың тамыз айында біз 6-сынып оқушылары (11–12 жастағы балалар) арасында Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда және Моңғолияда сауалнама жүргіздік. Әр елден мың оқушы қатысты. Бұл зерттеу ЮНЕСКО-ның Бейжің кеңсесінің қолдауымен өтті. Нәтижелер өте қызық.
Моңғолия мен Қытай оқушылары климат саласында көшбасшылыққа ынтасы жоғары. Ал жапон және оңтүстіккореялық оқушылар көбірек қолдау көрсетуге бейім, бірақ бастама көтеруге ниеті аз.
Тұтыну әдеттерін де зерттедік. Барлық төрт елде, соның ішінде Жапонияда, оқушылар негізінен Uniqlo сияқты жылдам сән брендтерінен көп киім сатып алады. Алайда олардың көбі киім өндірісінің климатқа әсері туралы ойламайды. Бұл көптеген мұғалімдерге де тән.
Климат туралы хабардар болу артып келе жатқанымен, жеке таңдау, көшбасшылық пен климат арасындағы байланысты түсіну әлі де мол жұмыс істеуді қажет етеді.
Профессор Фуджи: Жапонияда үй шаруашылығы сабағы 5-сыныпта басталады және тұтыну тақырыбын қамтиды, бірақ оны климаттың өзгеруімен байланыстыра бермейді.
Тіпті жаратылыстану пәндерінде де бұл тақырыпты жоспарға енгізу баяу жүріп жатыр. Мен оқулықтар жөніндегі ұлттық комитеттің мүшесімін, ол ғалымдар, ұстаздар және жоғары оқу орындарының оқытушыларынан тұрады. Мен климат тақырыптарын енгізуді жиі ұсынамын, бірақ кей әріптестер жаратылыстану пәндері тек негізгі білімді қамтуы тиіс деп есептейді, ал климаттың өзгеруі сияқты әлеуметтік аспектілерді қоғамдық пәндерге қалдыру керек дейді.
Дегенмен біз ымыраға келейін жеп жатырмыз. Бұл баяу, бірақ маңызды процесс. Қызығы, тіл пәндері (жапон және ағылшын тілі) бұл тұрғыда алға озған. Мәтінге негізделген сабақтарда тұрақты даму мен климат туралы материалдарды енгізу оңайға соғады.
Сондықтан жаратылыстану мен үй шаруашылығында прогресс аз болса да, тіл пәндері мектептерде климат тақырыбына жол ашатын ыңғайлы алаңға айналды.
Профессор Фуджи: Әрине, дәстүрлі білімнің маңызы зор. Бұрынғы жапондардың өмір сүру жолы да тұрақты даму жолына ұқсас болған. Мысалы, дәстүрлі үйлер жазда салқын болатындай етіп жобаланған: есіктер ашылып, ауа еркін айналып жүретін. Бірақ қыста олар суық болатын. Адамдар тек шағын пештер арқылы үйдің бір бөлігін жылытып отырды.
Қазір үйлер батыс стилінде салынып жатыр. Оларда вентиляция нашар, орталық жылыту жоқ. Сондықтан жазда кондиционерді жиі қолданамыз, бұл энергия тұтынуды арттырады. Температураның көтерілуі (мысалы, Хиросимада қазір жиі 35°C-тан асады, ал 30 жыл бұрын 32–33°C болатын) ескі құрылыс әдістеріне оралуды қиындатады.
Дегенмен кейбір дәстүрлі тәжірибе әлі де өзекті. Мысалы, жергілікті маусымдық тағамдарды тұтыну парник газдар шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Өткеннің бәрін қолдану мүмкін болмаса да, мәдени мұраның жекелеген элементтерінен үйренеріміз көп.
Профессор Фуджи: Иә, біз мұны анық байқаймыз. Егде буын әлі де экономикалық өсім мен мәртебеге мән берсе, көптеген жас жапондар өмір сапасын және жеке әл-ауқатты бірінші орынға қояды. Көбі компания басшысы болуды қаламайды. Керісінше, ауыл шаруашылығы, балық аулау саласында жұмыс істеуді немесе мегаполистердің қарбалас өмірінен қашып, ауылдық жерге көшуге бел бууда.
Олар бақыт туралы жиі ойлап, заманауи мәселелердің табиғи шешімін іздейді. Бұл құндылықтардың өзгеруі тұрақты даму мен климат жайлы білімді тартуға дем бола алады.
Профессор Фуджи: Мұғалімдер климат жайлы білімде шешуші рөл атқарады. Олар түрлі пәндер арқылы білім береді, бірақ білімнің өзі жеткіліксіз. Негізгі міндет – оқушыларға білімді іс-әрекетке айналдыруға көмектесу. Мұғалімдер оқушыларды жеке және әлеуметтік трансформация жолына бағыттауы тиіс. Бұл тек мазмұнды оқытудан немесе сыни ойлауды дамытудан әлдеқайда кең міндет.
Мәселенің бірі – мұғалімдердің өздері де мотивация мен көшбасшылық бойынша арнайы дайындықтан өтпеген. Бұрын жапон оқушылары бұл дағдыларды мектептегі мәдениет немесе спорт фестивальдерінде дамытатын. Мұндай іс-шаралар ынтымақтастықты, жауапкершілікті және өзара түсіністі қалыптастыратын, ал бұл әлеуметтік немесе экология саласындағы белсенділікке қажет қасиеттер.
Қазір мұндай шаралар сирек, сондықтан оқушыларда да, мұғалімдердің өзінде де тәжірибе жетіспейді.
Профессор Фуджи: Климат жайлы білім бірлескен жұмыс, идеяларды талқылау, нұсқаларды бағалау және ұжым болып шешім қабылдау сияқты демократ процестерді қажет етеді. Бұрын оқушылар мұндай дағдыларды мектепте үйренетін, ал қазір бұл климат мәселелерін қауымдастық деңгейінде шешу жолында аса маңызды. Өкінішке қарай, қазіргі жас мұғалімдердің көбі (олардың жартысынан астамы 35 жастан кіші) бұл дағдыларды өздері жеткілікті деңгейде меңгермеген.
Сонымен қатар, аға буын мұғалімдері зейнетке шығуға жақын, сондықтан тәлімгерлік жетіспейді. Демек, климат жайлы білім беруде ұжымдық және проблеманы шешуге бағытталған тәсілдер қажет болғанымен, көптеген педагогтардың мұндай тәжірибесі жоқ. Егер біз климат саласында әрекет етуге дайын ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, алдымен мұғалімдердің өздері осы дағдыларды меңгергеніне көз жеткізуіміз керек.
Профессор Фуджи: 2024 жылғы ақпанда біз төрт жылға созылған алғашқы кезеңді аяқтадық. Негізгі жетістігіміз – «Мұғалімдерді климат саласында әрекет етуге даярлаудың Азия шеңбері» құжаты. Бұл педагогтарды даярлау жүйесіне климат жайлы білімді енгізуге арналған маңызды қадам. Сондай-ақ оқу орындарына осы шеңберді енгізуге көмектесу үшін нұсқаулық әзірледік.
Қазір біз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сияқты серіктестермен бірге екінші кезеңді бастадық. Бұл кезең аясында мұғалімдерге арналған онлайн-курсты әзірлейміз. Ол бір семестр жалғасады және соңында сертификат беріледі. Әр серіктес университет 90 минуттық бір сабақ дайындайды. Алғашқы апталарда теория негізі оқытылады, кейін практикалық модульдер, соның ішінде Қазақстан мен басқа елдердің оқыту стратегиялары ұсынылады. Мұғалімдер тек тұжырымдамаларды ғана емес, оларды мектеп тәжірибесіне қалай енгізуді де үйренеді.
Профессор Фуджи: Біз «төменнен жоғары» тәсілін қолданамыз. Бірінші кезең аясында біз жұмыс бағдарламасын және зерттеу нәтижесін білім министрліктерімен, ЮНЕСКО кеңселерімен және ұлттық білім органдарымен бөлістік. Бұл саясат деңгейінде хабардар болуды арттыруға көмектеседі.
Сонымен қатар біз практикалық тәжірибемен толықтырылған онлайн курстар арқылы кеңеюді жалғастырамыз. Мысалы, егер сабақтың шөлейттену жайлы болса, мектептер осы мәселе байқалатын аймақтарда барып, сабағын сол жерде өткізе алады. Мұндай тәжірибе оқушыларға тақырыпты терең түсінуге көмектеседі.
Болашақта студенттер алмасуын, әсіресе болашақ мұғалімдер үшін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазірдің өзінде Индонезия мен Малайзия студенттерін қабылдап, аудиториядағы сабақтарды сырттағы сабақтармен ұштастырды. Ал жапон студенттерінің Моңғолияға сапары нда климаттың әсері айқын байқалғанынан ерекше әсер қалдырады. Мұндай сапарлар жас мұғалімдерге кітаптар мен видео жеткізе алмайтын жолмен жаһандағы мәселерді жергілікті жағдаймен байланыстырып көруге мүмкіндік береді.
«Mapping Global China» жобасы Қытайдың Орталық Азиядағы бастамаларын қадағалауға мүмкіндік беріп, жергілікті шешімдер мен сыртқы ықпалдың қалай тоғысатынын көрсетеді.
Қысқа сұрақ қояйын.
Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?
Біздің білуімізше, нөл.
Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?
Қазақстандағы қалашықта итальян тілін естимін деп ойламайсың. Бірақ бірнеше жыл бұрын дәл солай болды. Екі ер адам өнеркәсіп жабдығын сататын бизнесін тіркеу үшін қажет құжаттар жайды дауласып жатыр екен. Италияда ұзақ жылдар оқығанымның арқасында тілді білетіндіктен, мен көмек берейін деп араластым. Төрт қолтаңба қойып, үш кесе эспрессо ішкен соң мәмлеге келдік. Ең оңай тапқан 100 […]