CAPS Unlock-тың тарихы

Орталық Азия елдерінен келген сарапшылар CAPS Unlock форумында бас қосып, аймақтың ең өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен CAPS Unlock дегеніміз не?

Бірден атауы туралы айтайын. Адамдар үнемі бұл жайлы сұрайды.

CAPS – Central Asia Policy Studies, яғни Орталық Азиядағы саясатты зерттеу дегенді білдіреді.

Unlock, яғни “құлпын ашу» дегенді түсіндіру үшін көбірек уақыт қажет.

Орталық Азия, біз үшін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанды қамтитын аймақ, туралы танымал фактілердің бірі – оның теңізге шыға алмайтын “құрлықіші” болуы. Бұл біздің дүниежүзілік мұхиттардың ешқайсысына тікелей қол жеткізе алмайтынымызды білдіреді. Бір немесе бірнеше құрлықіші мемлекетпен қоршалған Өзбекстан тіпті «қосарлы құрлықіші» екі елдің бірі болғаны үшін сирек марапатқа ие бола алады. (Екіншісі – Лихтенштейн).

Құрлықіші болу Орталық Азияны география тұрғысынан шектесе, кең дала мен таулар біздің әлемдік нарықтарға қол жеткізуімізді шектейді.

Оған қоса саясатты да ескеру керек. Біз жағдайы күрделі аймақта орналасқанбыз. Солтүстікте – Ресей, оңтүстікте – Ауғанстан. Басқа тікелей шекаралас елдер – Қытай мен Иран. Бұл елдермен біз динамикалық және жиі (әрқашан деп айту қиын) өзара тиімді байланыстарда бола аламыз, бірақ олардың кейбіреулері әлемнің қалған бөлігімен жиі шиеленісті қарым-қатынаста болады.

Сондықтан алдымызға қойған міндетіміз – Орталық Азияның өз әлеуетін ашу, яғни “құлпын ашу” және география, бюрократия мен тарихтың өзі тударатын кедергілерді еңсеру жолдарын табу. Қысқасы, біздің жұмысымыз адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған саяси шешімдерге әсер етуі мүмкін қолданбалы зерттеулер жүргізуден тұрады. Бұл ретте күшімізді төрт негізгі бағытқа бағыттаймыз:

Аймақтық және халықаралық қатынастар: Біз Орталық Азияның Қытай, Ресей, Еуропалық Одақ, АҚШ немесе Парсы шығанағы елдері болсын, әлемнің басқа өңірлерімен өзара әрекеттесуін талдаймыз. Біздің мақсатымыз – бұл қарым-қатынастар аймақтың әлеуметтік дамуын және көрші елдер арасындағы ынтымақтастықты қалай нығайта алатнынын түсіну.

Климаттың өзгеруі: Орталық Азия – климат өзгеруінің теріс салдары аса сезілетін әлем аймақтарының бірі. Біз аймақтағы мектептерде міндетті климаттық білім беруді енгізу болашақты өзгертуге көмектесетініне сенеміз. Барлығының бір-бірімен қаншалықты байланысты екенін түсінетін білімді ұрпақ оң өзгерістерге әкелуі мүмкін.

Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік: Біз әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселелерін, Сондай-ақ Орталық Азия үкіметтерінің оған қарсы қалай әрекет ететінін зерттейміз. Бұл жұмыс теңсіздікті қысқарту бойынша ұсыныстар жасауға және аймақ үшін бейімделген тәсілдерді қолдануға бағытталған.

Цифрлық даму және Жасанды интеллекті басқару: Орталық Азияда интернеттің таралу деңгейі жоғары. Қоғамдық өмір толығымен жедел цифрландырылып жатыр. Бірақ бұл күрделі құқықтық, этикалық және нормативтік мәселелерді көтереді. Біз осы мәселелерді зерттеу арқылы аймақтың технологиялық дамуына үлес қосуға тырысамыз.

Мұнда не істеп жатқанымыздың өзге де өлшемі бар.

Клишелерден бас тарту

Біздің мақсатымыз – аймақты ашып қана қоймай емес, оны таптауырыннан тазарту. Тозығы жеткен, шындыққа жанаспайтын, бірақ қайталана беретін нарративті қайта жазу.

Жібек Жолының бір бөлігі ретіндегі ежелгі тарихына қарамастан, Орталық Азия әлі де аз зерттелген. Аймақта не болып жатқандығы, қандай пікірталастар етек жайғаны, адамдар қандай проблемаларға тап болып жатқандығы және мүмкіндіктері туралы ақпарат шектеулі. Бұл аймақтың әлі де сыртқы әлеммен де, өзінара да байланысы нашар.

Сондықтан біз рөліміз Орталық Азиядан шыққан немесе оны зерттейтін, аймақ туралы білімін бөлісетін сарапшылар қауымдастығын құруға көмектесуде деп білеміз.

Дегенмен, біз өз проблемаларымыз туралы ашық айтуымыз керек. Азаматтық қоғам өкілдері де, ғалымдар да ерекше қиын кезеңді кешіп жүр. Қазір бұрынғыдан да тығыз байланыс құру  арқылы аяқта нық тұруымыз өте маңызды.

Сондықтан білім алмасу алаңы ретінде қызмет ету, пікірталастарды ұйымдастыру, елдер мен ұрпақтар арасындағы қауымдастықтарды байланыстыру біздің миссиямыздың негізінде жатыр. Ол үшін біз аймақтағы сарапшыларды олардың дауыстары естілуі үшін қаржыландыру табуға тырысамыз. Біз жергілікті зерттеулерді қолдаймыз, қоғамдық іс-шараларды өткіземіз, жаһандық сарапшыларды аймаққа шақырамыз, олардың жұмыстарын жергілікті тілдерге аударамыз және аймақтағы сараптаманы халықаралық аудиторияға қолжетімді етеміз.

Біздің жолымыз

Сонымен, біздің жолымыз қандай?

Біздің ұйым жаңа, бірақ мүлдем жаңа емес.

CAPS Unlock бұрынғы Қазақстандағы Сорос қорының негізінде пайда болды. 2023 жылға дейін қор Қазақстанның азаматтық қоғамын қоғам өміріндегі маңызды және сындарлы күшке айналдыруға көмектесуде белсенді рөл атқарды.

“Ашық қоғам” қорлары қайта құрылудан өткенде, бізге жабылу немесе өзгеруді таңдау керек болды. Біз екіншісін таңдадық, өйткені заман өзгермек және біз де жаңа қажеттіліктерге бейімделуіміз керек. Джордж Сорос өз қорларын 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында бұрынғы Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропада ашқан кезде, қорлар тұрақты азаматтық қоғамның дамуын қолдау мақсатында шектеулі уақытқа ғана құрылғанын анық айтты. Жоспар бойынша, азаматтық қоғам өз бетінше жұмыс істей бастағанда, қорлар шегіне бастады.

Сондықтан 2010 жылдардың басында «Ашық қоғам» Шығыс және Орталық Еуропаның көп бөлігінде қаржыландыруды тоқтатты. Бүгінгі таңда көптеген мұрагер қорлар өз елдерінің демократиялық дамуында маңызды рөл атқарып, тәуелсіз субъектілер ретінде жұмысын жалғастырып жүр.
Бұл біз үшін шабыт көзі болды.

Алда біз түске және терең мағынаға бай дәстүрлі кілем іспеттес Орталық Азияны бар қырынан көрсетуге тырысамыз. Бір-біріне ұқсамайтын әр жіп өз тарихын баяндайды. Дегенмен, олар бір-бірімен байланысқан кезде қауқарлы және тұрақты Орталық Азияны құрайды.

Posts Related by Tags

FATF талаптары Қазақстандағы терроризмге емес, азаматтық қоғамға зиянын тигузіде

Қысқа сұрақ қояйын.

Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?

Біздің білуімізше, нөл.

Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?

Мұнай кен орындарынан университет аудиторияларына дейін жалғасқан Қазақстан мен Италия арасындағы байланыс

Қазақстандағы қалашықта итальян тілін естимін деп ойламайсың. Бірақ бірнеше жыл бұрын дәл солай болды. Екі ер адам өнеркәсіп жабдығын сататын бизнесін тіркеу үшін қажет құжаттар жайды дауласып жатыр екен. Италияда ұзақ жылдар оқығанымның арқасында тілді білетіндіктен, мен көмек берейін деп араластым. Төрт қолтаңба қойып, үш кесе эспрессо ішкен соң мәмлеге келдік. Ең оңай тапқан 100 […]

Климат жайлы мектептегі білім беруді өзгерту

Осындай жаттығу климаттың өзгеруін өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыра алады.

All posts