Жаһандық Қытайды карталау Пекиннің Орталық Азиядағы ықпалын жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді

Өткен айда CAPS Unlock кеңсесінде өткен ашық дәріс кезінде Мария Адель Карраи қарапайым сұрақ қойды:

«“Жаһандық Қытай” туралы естігендеріңіз бар ма?»

Залда отырғандардың көбі естімеген екен. Алайда ол өз дәрісінде және жақында шығатын CAPS Unlock подкастында түсіндіргендей, бұл ұғым Қытайдың шетелдегі қызметінің, оның ішінде Оңтүстік Америкадан Арктикаға дейін, әсіресе Орталық Азиядағы белсенділігін ауқымын қамтиды.

Карраи – Шанхайдағы Нью-Йорк университетінің доценті және Mapping Global China («Жаһандық Қытайды карталау») жобасының жетекшілерінің бірі.

Бұл айда жоба кеңейтілген «бас картамен», деректер жинағы және жаңа зерттеулермен бірге қайта іске қосылады. Оның мақсаты – Қытайдың экономикалық, мәдени және саяси ықпалын жаһандық деңгейде бақылауға мүмкіндік беру.

Қытайды не мейірімді серіктес, не қауіпті держава ретінде сипаттайтын пікірлер туралы Карраи былай:

«Шындық екеуінің ортасында. Бізге Қытайдың шын мәнінде не істеп жатқанын түсіну үшін деректер қажет», – деді ол. 

Жоба инфрақұрылым, сауда, көші-қон, Конфуций институттары және тіпті спутник суреттері туралы ақпаратты біріктіреді. Пайдаланушылар қалаған аймақты зерделеп, сектор бойынша сүзгілеп алады және елдерде Қытай жобалары уақыт аралығында қалай өзгергенін бақылай алады.

«Карталар мен диаграммалар Қытайдың не істеп жатқанын жақсырақ түсінуге көмектеседі», — дейді Карраи.

2013 жылы «Бір белдеу, бір жол» бастамасы (BRI) жарияланғаннан бері Орталық Азияда артқан Пекиннің белсенділігін көрсететін деректер базасын қалыптастыруға көмектеспек.

Жоба Еуропадағы жобаларға тоқталатын «Бір белдеу, бір жол» карталарының шектеулі болғанына байланысты наразылықтан туған.

«Ондай карталар Қытайдың нақты не істеп жатқанын түсінуге кедергі келтірді», — дейді ол.

Орталық Азия Қытайдың байланысу жоспарында маңызды рөл атқарғанымен, картада бұл аймақ туралы көбіне үстірт ақпарат беріледі. Жаңа платформа пайдаланушыларға мұнай өңдеу зауыттары, логистикалық хабтар немесе электр желілері сияқты жобаларды оқшау жатқан объект ретінде емес, үлкен желінің бөлігі ретінде көруге мүмкіндік береді.

Карраи Қытай ықпалына жергілікті деңгейдегі шешімдер әсер ететінін атап өтті.

Мысалы, Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұлттық даму жоспарына ерікті түрде енгізді.

«Қабылдаушы елдер “Жаһандық Қытайдың” қандай болатынын өздері де айқындайды», – деді ол.

Мемлекеттік компаниялар, жекеменшік кәсіпорындар мен тіпті студенттер де өз еркімен әрекет етеді, сондықтан Пекиннің орталықтандырылған басқару риторикасына сәйкес келмейтін әлдеқайда бытыраңқы көрініс қалыптасады.

Көзге айқын көрінетін сала – инфрақұрылым. Жаңа темір жолдар мен құбырлар инвестиция тартады, бірақ тәуелді болу қаупін де тудырады.

Карраи бұндай ойлардың орынды екенін мойындап, Қазақстанның ірі державалар арасындағы теңгерімді саясатын жоғары бағалады:

«Қытайдың деңгейіне жету қиын, бірақ түрлі алпауыт елдерден өзіңізге қажеттіні алып, тепе-теңдікті сақтай аласыз», – деді ол.

Дәріс кезінде «жұмсақ күш» тақырыбы да қозғалды.

Батыста көп сыналған Конфуций институттарының тиімділігі қабылдаушы университетке байланысты. TikTok сияқты цифрлық платформаларда деректер мен алгоритмдерге байланысты мәселе бар, бірақ олардың саяси әсері әр елде өзгеше.

«Мұны жақсырақ түсіну үшін бөлек зерттеу жүргізу қажет», – деп Карраи жергілікті деректердің маңызын атап өтті.

Қолданыстағы деректердегі олқылықтар мен қайшылықтар бұл жобаның Орталық Азиядағы саясаткерлер мен сарапшылар үшін құндылығын арттырады. Пекин мен қабылдаушы елдердің ресми деректерінің арасында сауда мен инвестиция туралы мәліметтер айтарлықтай айырмашылыққа ие.

Мысалы, Қырғызстанда 2023 жылы Бішкектің ресми деректері Қытайдан келген импорт көлемін $5,4 млрд деп көрсетсе, Қытай кедендік статистикасы оны шамамен төрт есе артық, яғни $19,7 млрд деп тіркеген.

Бұл айырманың көп бөлігі Қырғызстан арқылы транзитпен өтетін, бірақ Қытай экспорты ретінде есептелетін тауарларға байланысты. Мұндай қателік нақты экономикалық қатынасты бағалауды қиындатады және деректерді визуализациялау кезінде қарама-қайшылықты ашық көрсету қажет екенін дәлелдейді.

Карраи бұл олқылықтарды жасырмай мойындайды, бірақ оларды ашық көрсетудің маңызын зор деді.

Ол құралдың қолжетімді болуын қалайды. Алматы, Бішкек немесе Душанбе қалаларындағы студенттер мен журналистер инвестиция, көші-қон және мәдени жобалар жайлы деректерді біріктіріп, өз карталарын жасай алады. Олардың кейбірі «сторимэп» түрінде жарияланады.

«Ынтымақтастыққа есігіміз ашық», – деді Карраи.

Жобаның қайта іске қосылуы Орталық Азияға тек Қытай ғана емес, сонымен қатар Ресей, Еуропалық одақ, Парсы шығанағы елдері және Үндістан да ықпал етуге ұмтылып отырған кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Пекиннің рөлін қайшылықтар мен шектеулермен бірге визуализациялап, түсіну тек академиялық емес, сонымен қатар практикалық тұрғыдан да маңызды. Бұл аймақ елдерінің өз таңдауын қалай ұғатынына әсер етеді.

Жаңа сайт осы айдың соңында іске қосылады. Ол барлық сұрақтарға жауап бермесе де, Қытайдың Орталық Азияда не істеп жүргенін анық көруге мүмкіндік береді.

Posts Related by Tags

Қырғызстанның реэкспорт моделінің артықшылығы мен кемшілігі

Қырғызстанның сауда көлемі өндіріс көлемінен артық. Айтарлықтай артық. Бұл бір жағынан артықшылық болса, екінші жағынан кемшілік. Он жылдан астам уақыт бойы Қырғызстан Орталық Азия арқылы өтетін тауарлардың хабына айналды. Қытай тауарларына толған жүздеген жүк көлігі Торугарт пен Иркештам шекара өткелдерінен бастау алатын таулы жолдармен гүрілдеп өтеді. Ұсақ кәсіпкерлер арзан отын алу үшін Қазақстанмен арасындағы шекарадан […]

FATF талаптары Қазақстандағы терроризмге емес, азаматтық қоғамға зиянын тигузіде

Қысқа сұрақ қояйын.

Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?

Біздің білуімізше, нөл.

Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?

Сұхбат | Климат жайлы білім беру мұғалімнен басталады. Орталық Азия жапон тәжірибесінен алары бар ма?

CAPS Unlock Жапонияның Окаяма университетіндегі Тұрақты даму мүддесіндегі зерттеу және білім беру жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі және тұрақты даму мақсаттарын қолдау орталығының директоры профессор Хироки Фуджимен әңгімелесті. Тұрақты даму мүддесіндегі білім (ТДБ) – оқушыларға неғұрлым әділетті әрі тұрақты болашақ құру үшін қажет білім, дағдылар, құндылықтар мен ұстанымдарды дарытатын оқыту тәсілі. Бұл – климат жайлы білім […]

All posts