КИЕ

3 марта, 2026

Ғасырлар бойы қырғыз халқы табиғатпен үйлесім тауып, оны қастерлей өмір сүріп келген. Тау-тас, өзен-көл, орман-тоғай жай ғана пейзаж емес, өмірдің қастерлі, ажырамас бөлігі болған. «Қожожаш» дастаны бізге сол үйлесімді бұзба деп ескертеді. Жас мерген Қожожаш күші мен қуатын көрсетемін деп, арқар біткенді қыра бастайды. Ал табиғат ашкөздікті кешпейді ғой. Тау ішінде дауыл тұрып, аңшы жігіт мерт болады. Осы дастан бізге табиғатты өз қажетіне аяусыз қанаған адам түбінде соның салдарын тартады деген мәңгі айнымас ақиқатты жеткізгендей.

Сурет Батыр Султанов, 16 жас
Ашхабад, Түрікменстан
Мәтін Чолпон Ниязбекова, 20 жас
Бішкек, Қырғызстан
КИЕ