Былтыр тамыз айында CAPS Unlock Алматыда Орталық Азиядағы климат өзгерісі туралы білім беру бойынша конференция өткізді. Іс-шараға білім беру арқылы климатқа қатысты мәселелерді шешуді мақсат қойған сарапшылар, зерттеушілер, үкімет өкілдері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Конференцияның басты ерекшелігі белгілі тарихшы Питер Франкопанның жақында жарық көрген “The Earth Transformed” («Жердің айтылмаған тарихы») кітабының қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасының тұсаукесері болды. Бұл еңбекте адамзат тарихындағы түрлі қоғам мен климат өзгеруінің ғасырлар бойы бір-біріне қалай әсер еткені зерттелген.
Іс-шарада cөз сөйлеген Франкопан мырза CAPS Unlock-пен сұхбаттасуға уақыт бөліп, климат жайлы білім беру және Орталық Азия контекстіндегі зерттеулер туралы өз ойын бөлісті. Бұл сұхбат оқуға ыңғайлы болу үшін өңделді және қысқартылды.
CAPS Unlock: Аймағымыздағы климаттың өзгеруі туралы ақпараттың шектеулі екенін ескере отырып, Орталық Азия мемлекеттері климаттың өзгеруі туралы білім беруді қалай оңтайландырып, саясаткерлерді климат өзгеруіне қарсы іс-қимылға тарта алады?
Питер Франкопан: Өздерінде ақпарат тарата алатындай қандай құрал бар екенін түсінуден бастау керек. Бүгін атап өткеннің бірі – Орталық Азияда климаттың өзгеруіне байланысты материалдың жетіспеуі.
Мен Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне шынымен назар аударатын академиялық емес басылымдар бар екенін білемін, бірақ аймақтың геосаясат пен қауіпсіздік саласындағы рөліне шамадан тыс назар алуы оның санын шектейді.
Егер сіз мұғалім немесе мемлекеттік қызметкер болсаңыз, неден бастайсыз? Жағдайдың шын көрінісін түсіну үшін және саяси шешімді қабылдау үшін сіз әрі қарай не істей аласыз?
Бұл ішінара журналистикаға және қоғамдық пікірталастың тарауына байланысты. Себебі саяси талқы кезінде және академиялық конференцияларда жоғары деңгейлі мақалалар мен идеялар ұсынылады, бірақ олар нәтиже мен саяси өзгеріс әкелмейді. Егер сіз саясатқа әсер еткіңіз келсе, саясаткерлерді келіп, тыңдауға қалай мәжбүрлеуге болады? 300 беттен тұратын ешкім оқымайтын баяндаманы бірден миға қонатын нәрсеге қалай айналдыруға болады?
Келесі кезең – қала билігін, әкімдерді, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, сондай-ақ үкіметтегі министрлерді жинап, шағын болса да, қандай қадам жасауға болатынын талқылау.
Қазақстанда бұл үрдіс басталды.
Келе қадам саясаткерлерді тарту, оларға пікірін білдіруге және мәселелерін бөлісуге мүмкіндік беру болмақ.
CAPS Unlock: Саясаткерлер мен білім берушілер жұртшылықтың назарын климаттың өзгеруіне аударту үшін оны қалайша тартымдырақ ете алады?
Питер Франкопан: Менің ойымша, бұл жерде ешқандай сиқырдың қажеті жоқ. Климат өзгеруі не екенін, қай тұсы қызықты екенін және оның маңызын анықтау керек. Бұл қарапайым түсіндіру жұмысы: ақ-қарасын анықтау және оқырманға бұдан не ұға алатынын ескеру.
Жас ұрпақтың ақпаратты жинау мен тұтыну, ақпарат көзін таңдау жолы жылдам өзгеріп жатыр.
Отыздан жас адамдардың бірнеше ақпарат көзінен қасықтап ақпарат жинау тәсілі таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Бірақ бұның өз қиындығы да бар, өйткені сізге 1000-2000 сөзден тұратын әңгіме немесе адамдар оқитын үлкен кітап қажет емес. Сіз әлеуметтік медиа платформаларында жазбаға тек 45 секунд жұмсауға дайын адамдар үшін жұмыс істейсіз және бұл миллиондаған адамдарға қас қағым сәтте қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Еуропа мен АҚШ-та климат және экологияға байланысты белсенділіктің жылдам даму себептерінің бірі – бұл платформалар беретін идеяларды бөлісу мүмкіндігі. Ал айтарың қысқа-нұсқа болуы керек.
CAPS Unlock: Адамдарды климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешуге тартудың жолында кездесе беретін қиындық – дағдарыстартың тым алыс болып көрінуі. Оған қоса, адамдар проблемаға тап болған кезде өздерін дәрменсіз сезінеді.
Питер Франкопан: Иә, мысалы, солтүстік Қазақстандағы дауылдар мен су тасқыны жұртты үйсіз-күйсіз қалдырды делік. Егер Алматыда немесе тіпті Түркіменстанда тұрсаңыз, бұл сіз үшін қаншалықты маңызды? Бір өңірде шаңды дауыл немесе су тапшылығы болуы мүмкін, бірақ оның сізге қалай әсер ететінін сезе алмайсыз. Бұны түсіндіру үшін, мысалы, біреу соңғы 18 айда азық-түлік себетінің бағасы 30%-ға өскенін және бұл бәрімізге әсер ететінін көрсету керек.
Жер бетіндегі барлық адам әлемнің жылынып жатқанын түсінеді. Бәріміз өзімізді аздап дәрменсіз сезінеміз. Егер ынталандырылмағандықтан қылығымызды өзгерте алмасақ, онда үкіметтің тағы қандай құралдары болуы мүмкін? Суды үнемдеу, оңтайландыру, таза энергия осының бәріне жатады. Өзгерістерді талап ететін адамдардың азаматтық белсенділігісіз-ақ жүзеге аса алатын біраз нәрсе бар.
Пайдалы шаруаның көбін тиімді және өте арзан жолмен бітіруге болады.
CAPS Unlock: Бұл ессіз болып көрінуі мүмкін, бірақ еркін және әділ сайлаудың болмауы Орталық Азияның көшбасшыларын сайлау қысымынан босатып, авторитарлық жүйелерді ұзақ мерзімді экологиялық саясатты жүргізуге ынталандыруы мүмкін бе?
Питер Франкопан: Егер осы бес мемлекеттің басты мәселесі саяси тұрақтылық немесе режимнің тұрақтылығы болса, онда жағдайды түзетуге ынтасы әлдеқайда мол болуы мүмкін. Өйткені сізді саяси жүйенің тұрақтылығына нұқсан келтіре алатын күйзеліс алаңдатады.
Бірақ арасында Өзбекстандағы Қарақалпақстандағыдай күйзеліс кезінде үкімет қателік жасап, адамдардың көшеге шыққанына куә бола аласыз.
Өткен жазда Ақтауда және Астанада да адамдар «Бізге су керек» деп айғайлап, көшеге шықты. Егер сіз президент сарайында қызмет етсеңіз немесе оның кеңесшілерінің бірі болсаңыз, мұндай ыңғайсыз жағдайдың қаупін азайтуға ниетті боласыз, себебі олар кері әсерін тигізуі мүмкін.
Автократиялық режимдер немесе одан да жабық саяси құрылымдар шешім қабылдауға қабілетті, бірақ олар да қателік жасауы мүмкін. Сөзсіз, бұл демократиялық елдерге қарағанда көбірек. Демократияда бағытты өзгертуге болады. Бұл демократияның оң жақтарының бірі – қателік жіберген кезде оны түзетуге болады.
CAPS Unlock: Қазіргі уақытта біз экология мәселелерін шешу бойынша аймақтағы мемлекеттер арасында әлдеқайда жоғары деңгейлі диалогқа куә болып отырмыз. Бірақ бұл кейде кері әсер етуі мүмкін бе? Сіздің ойыңызша, аймақтық ынтымақтастыққа қарағанда жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейту тиімдірек болуы мүмкін бе?
Питер Франкопан: Жергілікті қауымдастықтардың шектеуі аз болады. Өйткені егер сіз шағын қауымдастықта болсаңыз, онда назардан тыс қалып, шешім қабылдағанда қауіп төндірмейсіз.
Кейде үлкен қалалар мен саяси құрылымдар проблеманың бір бөлігі болады, өйткені олар орталықтандыруға құмар. Олар барлығын жинап, ауқымды пікірталастар өткізіп, маңызды құжаттарды дайындағысы келеді. Бірақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі тәжірибе көрсеткендей, іс жүзінде жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін кеңейту әлдеқайда тиімдірек, өйткені адамдар өздеріне тікелей әсер ететін шешімді өздері қабылдайды.
Біреудің мүддесін қорғап беру, жоғарыдағылар мәселені шешіп, қандай көлік жүргізуді немесе қандай жанармай қолдануды айту әрқашан қарсылыққа тап болады. Жергілікті деңгейден бастау алып, жоғарыға жетіп қабылданған шешім әлдеқайда тиімді болады. Бұндай кезде ұсақ істермен айналысатындар кей жетістіктерін болмайтындай етіп асыра сілтей алмай қалады.
CAPS Unlock: Орталық Азиядағы қарқынды урбанизация қала мен ауыл арасындағы дәстүрлі симбиозды бұзды ма? Үкіметтер бұл мәселені қалай шешуі керек?
Қалада өмір сүру тамаша. Қалалар араласуға мүмкіндік береді. Олар барлық білім беру үшін оңтайлы. Олар ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын жақсартуға көмектеседі, өйткені олар сізге ауылдық жерлерде тұратыннан гөрі жақын серіктестерді таңдауға көбірек мүмкіндік береді.
Орталық Азиядағы урбанизацияға байланысты бұл өзгерістер, әсіресе жастар бұл жерден жаңа мүмкіндіктерді қуып кетітіндіктер, мемлекеттер бұл мәселені зерделеуі керек.
Қазақстандағы мені алаңдататын жайт — топырақ химиясының өзгеруі және азық-түлікпен қамтамасыз ету. Қазақстанда Орталық Азияның қалған төрт елімен салыстырғанда су деңгейі мен оның қоректік көрсеткіштері бойынша жағдай жақсы болғанымен, бұл жер 1979 жылы немесе одан 20 жыл бұрынғыға қарағанда бес градусқа ыстық. Егер біз Орталық Азиядағы жылыну Азияның кез келген басқа бөліктеріне қарағанда екі есе жылдам болады деген болжамдар шындыққа сәл де болса жанасса, онда бұл өзгерістердің салдарын көреміз. Бұған қатысты қалай әрекеттеуге болатынын анықтау баяғыда басталуы керек еді.