Теңдік – білім сапасының жоғалған бөлігі

«Білім сапасы» – шенеуніктер мен білім беру саласының сарапшылары жиі қолданатын ұғым. Алайда бұл түсініктің нақты не білдіретінін қызығатындар аз, соған қарамастан ол мектеп жүйесінің тиімділігін бағалауына әсер етеді.

Әдетте бұл ұғым оқушылардың академиялық жетістіктерін, яғни бағалар, ұлттық емтихандар мен тестілер, сондай-ақ олардың ең танымалы Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (PISA) сияқты халықаралық зерттеулердің нәтижелерін білдіреді.

Бұл көрсеткіштердің білім сапасымен байланысты екені сөзсіз, алайда «білім сапасы» ұғымы бұдан әлдеқайда терең және тек қорытынды нәтижемен шектелмейді. Бұл мақалада мен осы ұғымды академиялық тұрғыдан қарастырып, білім берудегі «сапа» мен «теңдік» арасындағы ажырамас байланысты көрсетуге тырысамын.

«Білім сапасының» мағынасы жайлы ғылыми пікірталас ондаған жылдар бойы жалғасып келеді. Оның өзегінде бір негізгі мәселе жатыр: сапаны оқушылардың бастапқы жағдайына ма әлде қол жеткізген нәтижелеріне қарап бағалаймыз ба?

«Бастапқы факторлар» – баланың өмір сүріп, білім алатын әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сондай-ақ қолжетімді білім беру ресурстары: оқулықтар, технологиялар және т.б. «Процесс факторлары» мектеп ішіндегі жағдайларды қамтиды. Оған оқу сапасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы байланыс, оқуға бөлінетін уақыт кіреді. Ал жоғарыда айтылған емтихандар мен тестілер осы факторлардың әсерін өлшеу құралы ретінде қызмет етеді.

Білім сапасының осы элементері түптеп келгенде терең философиялық сұраққа тіреледі. Стэнфорд университетінің ғалымы әрі білім беру саласының тарихшысы Дэвид Ф. Лабаридің 1997 жылы жазған «білім беру мақсаттары үшін америкалық күрес» жайлы эссесінде айтылғандай, мақсат қою – ғылыми зерттеудің емес, таңдаудың мәселесі. «Бұған саяси бейтарап логика емес, құндылықтарымыз (біз қандай мектептерді қалаймыз) және мүдделеріміз (кім қандай білім беру құндылықтарын қолдайды) жауап бере алады», – деп жазды Лабари.

Дәл осы тұста әлемдегі білім беру жүйелеріндегі сапа мен теңдік арасындағы байланысты аңғаруға болады, себебі саяси жүйелердің көбінде мүмкіндіктер теңдігі әмбебап құндылық ретінде қарастырылады.

Отбасы мен мектеп ықпалы жөніндегі пікірталас

1960 жылдары АҚШ-та білім берудегі сарапшылар мен саясаткерлер үшін маңызды сәт туды. АҚШ-тың Денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің тапсырысымен дайындалған, көлемі 800 беттен асатын Коулман есебі жарияланды. Бұл зерттеу оқушылардың оқу жетістіктеріне не әсер ететінін талдап, білім беру саясатының тарихындағы ықпалы зор құжаттардың біріне айналды.

Есептің екі маңызы бар. Біріншіден, онда оқушылар арасындағы үлгерім деңгейі әртүрлі болуы негізінен отбасы мен қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен (SES) түсіндірілді, ал мектептердің тікелей әсері салыстырмалы түрде әлсіз екені айтылды. Екіншіден, ол білім беру зерттеулерінде есептік әдістердің кеңінен қолданылуына әсер етті.

Саяси тұрғыдан Коулман есебі үкіметтердің мектептерді қаржыландыру және табысы төмен отбасыларды қолдау жөніндегі көзқарасына әсер етті. Алайда оның «мектептер әлеуметтік теңсіздік алдында дәрменсіз» деген тұжырымы ондаған жылдар бойы академиялық ой мен қоғам пікіріне күшті ықпал етті.

Коулман есебін сынағандар да болды. Уақыт өте келе зерттеушілер оның әдістемесі мен тұжырымдамасындағы кемшіліктерді атап өтті. Ең басты сын мәдени және әлеуметтік контекст сияқты санмен өлшеуге қиын факторлардың ескерілмеуіне қатысты болды. Есеп америкалық оқушылар арасындағы нәсілге байланысты айырмашылықтарға ерекше назар аударғанымен, мүмкіндіктер теңдігін нәтижелер теңдігімен теңестіріп, әртүрлі топтардағы тест баллдары тең болуын әділеттілік деп қарастырды.

Кейінгі салыстырмалы зерттеулер Коулманның қорытындылары дамушы елдерде толық дәлелденбейтінін көрсетті. Мысалы, Стивен Хейнеман мен Уильям Локслидің 1983 жылғы іргелі зерттеуі қарама-қайшы нәтиже берді. Халықаралық деректерге сүйене отырып, олар дамушы елдерде оқушы жетістіктеріне мектептің ықпалы отбасы жағдайынан күштірек екенін дәлелдеді. Кейін бұл құбылыс Хейнеман–Локсли әсері деп аталды. 

Дегенмен соңғы зерттеулер Коулманның зерттеуін жақтайды. Мектептердің теңсіздікті ушықтыра да, азайта да алады. Бұл олардың қалай ұйымдастырылғанына, нені оқытатынына және әлеуметтік осал топтағы оқушыларды қаншалықты тиімді қолдайтынына байланысты.

Теңдік пен сапа

Коулман есебінің маңызы, меніңше, отбасы мен мектептің ықпалы туралы ондаған жылдарға созылған зерттеулерге жол ашқанында ғана емес, сонымен қатар білім сапасы ұғымын қайта қарастыруында жатыр. Білім берудегі үздік нәтижеге жету жолында “Барлық балалардың оған жетуге мүмкіндігі тең бе?” деген басты сұрақ бар.

Бұл сұрақ бұрыннан бар еді, бірақ ресурстар мен әлеуметтік жағдай сияқты бастапқы факторлар мен тест нәтижесі сияқты қорытынды көрсеткіштер арасында қайсысы маңыздырақ деген пікірталас білім сапасы жайлы талқыны мүлде жаңа деңгейге шығарды. Коулманның өзі кейінірек бұл екі өлшемнің ешқайсысы да білім алудағы мүмкіндіктер теңдігін толық сипаттай алмайтынын мойындап, оны түсініксіз ұғым деп атады. Оның орнына ол мектептер әлеуметтік жағдайы нашар балаларға көмектесуші рөл атқаруы керек деп ұсынды.

Алайда бұл көзқарас бүгінге дейін сынға ұшырап келеді. Фин білім зерттеушісі Паси Сальберг бұл идея меритократияны әділетті етіп көрсетіп, терең теңсіздікті жасырады деп есептейді. Қарапайым тілмен айтқанда, мектептерден теңсіздікті өз бетімен түзетуді күту жеткіліксіз, оларды айналадағы жүйе де бұл істе қолдауы тиіс.

Зерттеушілер әлеуеті зор «әділетті білім» тұжырымдамасын ұсына бастады. Ол стандартқа сай ету тәсіліне негізделген және білім беру саясатының талапты көтеру және алшақтықты қысқарту деген алтын ережесіне сүйенеді. Мұнда бірден екі мақсат қатар көзделеді: баршаға білім мен ресурстарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық оқушылар үшін ең төменгі негізгі деңгейге кепіл беріп, білім нәтижесіндегі теңдікке ұмтылу.

Осыған сүйене, «әділетті білім» тұжырымдамасының авторлары бес негізгі элементті бөліп көрсетеді: білімге қол жеткізу, негізгі білім деңгейін аяқтау, әлеуметтік топтардың тең қол жеткізуі (әділдік), ең төменгі негізгі деңгейі және әр топтағы академия тұрғысынан мықты оқушылардың белгілі бір үлесі (үздік деңгей). Алғашқы екеуі кіріс факторларымен, ал соңғы үшеуі нәтиже факторларымен байланысты.

Бұл тәсіл тек стандартқа ұмтылуға көмектесіп қана қоймай, бастапқы факторлар пен нәтижені өзара байланыстырып, қоғамдағы пікірталаста жиі шатастырылатын теңдік және жетістік ұғымдарын нақты ажыратады.

Қазақстан үшін бұл нені білдіреді?

Қазақстан да бұндай мәселе бар. «Білім сапасы» жөніндегі қоғамдағы пікірталас әлі күнге дейін бағалар, емтихандар, рейтинттер сияқты көзге көрінетін нәтижелерге көбірек мән беріледі. Сандарды бақылау да, салыстыру да оңай болғандықтан бұған түсіністікпен қарауға болады.

Алайда бұл сандар оқушылардың өмір жағдайындағы айырмасын көрсетпейді. Біреулер Алматыда тұрады, жеке репетиторлары мен жылдам интернеті бар. Енді біреулер шалғай ауылда өмір сүреді, тыныш отырып сабақ оқитын орны да жоқ.

Егер осы екі оқушы бір тест тапсырып, біз тек алған балына ғана назар аударсақ, өлшенетін «сапа» таза білім деңгейін көрсетпейді.

Расымен, білім деректерін талдайтын зерттеушілер әдетте оқушылардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін ескереді. Мысалы, PISA деректерін қолданатын зерттеулерде тест нәтижелерін SES индексімен үнемі салыстырылады.

Қоғамдағы пікірталаста «сапаның» бөлшектелген түсінігінің қалыптасуы, яғни тең мүмкіндік пен ресурстарға тең қол жеткізу идеяларының назардан тыс қалуы белгілі бір дәрежеде түсінікті. Сандарды салыстыру оңай және халықаралық деңгейде сәйкестендіру оңай. Бірақ мұндай утилитар көзқарас әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға қызмет ететін немесе экономикалық әлсіз өңірлерде жұмыс істейтін мектептердің жасырын құндылығын елемейді.

Кеңірек саяси тұрғыдан алғанда, дәл осы жерде білім беруді әлеуметтік, экономикалық және өңірді даму саясатымен байланыстыру аса маңызды. Мектеп ішіне негізінен білім беру жүйесі жауапты, бірақ оның әлеуетінің едәуір бөлігі тест нәтижелерінде көзге түспейтін әлеуметтік теңсіздіктің орнын толтыруға жұмсалады.

Сондықтан үйде жағдайы жоқ балаларға оқу орындарын, құрылғыларды, оқу материалдарын ұсыну сияқты ресурстарға қол жеткізуді кеңейтетін бастамалар ерекше маңызды.

Тәгтер бойынша байланысты жазбалар

FATF талаптары Қазақстандағы терроризмге емес, азаматтық қоғамға зиянын тигузіде

Қысқа сұрақ қояйын.

Қазақстанда террористік ұйымдарды қаржыландыруға немесе трансұлттық есірткі саудасына байланысты ақшаны заңдастыруға қатысы бар деп күдіктелген коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдардың саны қанша?

Біздің білуімізше, нөл.

Онда не себепті Қазақстан мен Орталық Азиядағы көршілес елдердегі азаматтық қоғам өкілдері өздерін күдікті сезініп, қатаң реттеліп жатқанын түсінбей келеді?

Сұхбат | Климат жайлы білім беру мұғалімнен басталады. Орталық Азия жапон тәжірибесінен алары бар ма?

CAPS Unlock Жапонияның Окаяма университетіндегі Тұрақты даму мүддесіндегі зерттеу және білім беру жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі және тұрақты даму мақсаттарын қолдау орталығының директоры профессор Хироки Фуджимен әңгімелесті. Тұрақты даму мүддесіндегі білім (ТДБ) – оқушыларға неғұрлым әділетті әрі тұрақты болашақ құру үшін қажет білім, дағдылар, құндылықтар мен ұстанымдарды дарытатын оқыту тәсілі. Бұл – климат жайлы білім […]

Қырғызстанның реэкспорт моделінің артықшылығы мен кемшілігі

Қырғызстанның сауда көлемі өндіріс көлемінен артық. Айтарлықтай артық. Бұл бір жағынан артықшылық болса, екінші жағынан кемшілік. Он жылдан астам уақыт бойы Қырғызстан Орталық Азия арқылы өтетін тауарлардың хабына айналды. Қытай тауарларына толған жүздеген жүк көлігі Торугарт пен Иркештам шекара өткелдерінен бастау алатын таулы жолдармен гүрілдеп өтеді. Ұсақ кәсіпкерлер арзан отын алу үшін Қазақстанмен арасындағы шекарадан […]

All posts